Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Банктер тұтынушылардан несие комиссиясы үшін ұстаған ақшасын қайтарып жатыр

Дата: 29 ноября 2017 в 00:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Ақтөбе ақпарат» орталығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақтөбе филиалының директоры Перизат Әсімбетованың қатысуымен «Облыстың қаржы нарығындағы ахуалы» тақырыбында брифинг өтті.

П.Әсімбетованың айтуынша, облыста екінші деңгейдегі банктердің 19 филиалы жұмыс істейді. Бұдан басқа банк филиалдарының 95 құрылымдық бөлімшесі бар. Олардың 23-і өңір аудандарында орналасқан.

— Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес жинақталған инфляция республика бойынша соңғы он айда 5,4 пайыз болды. Бұл өткен жылдың деңгейінен 6,2 пайызға төмен. Қазан айында бензинге, дизель отынына және көмірге, сондай-ақ азық-түліктің жекелеген түрлеріне бағаның өсуі байқалды. Жылдық инфляция қазан айында 7,7 пайызға дейін өсті. Ал облыс бойынша жыл басынан бері тұтыну тауарлары мен қызметтерге бағалар мен тарифтер 4,7 пайызға өсті.

2017 жылдың 1 қарашасындағы мәліметтер бойынша, депозиттер көлемі 2,9 пайызға өсіп, 459,4 миллиард теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі — 211,1 миллиард теңге, — деді П.Әсімбетова.

Облыс бойынша биылғы жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында берілген кредит көлемі 259,0 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 66,6 пайызға жоғары.

Сонымен қатар биыл қазан айында нақты экономика секторының ахуалын бағалау мақсатында 133 кәсіпорынға кезекті мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, дайын өнімге деген сұраныс артып, шикізат пен материалдардың бағасы өскен. Айналым қаражатын толықтыру үшін банктердің кредиттерін пайдаланатын кәсіпорындардың саны 14,3 пайызды құрады.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақтөбе филиалының бөлім басшысы Жанар Айтбай 3 жыл бұрын несие алған немесе қазір де несиені өтеп отырған банк клиеттері комиссияға төлеген ақысын негізсіз деп тапса, онда оны тек сотқа арыз беру арқылы қайтаруға болатынын айтты. Бірақ соңғы шешімді сот қабылдайды. Биыл жалпы банктерге қатысты мәселе бойынша 70-тен астам сот отырысына қатысқан.

Бүгінге күнге дейін облыс бойынша мерзімі өткен несиелік берешектер 24 миллиард теңгені құрады. Оның 15 миллиарды заңды тұлғаларға тиесілі, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға төмендеген.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті