БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА МҰҒАЛІМ БОЛУ ҮШІН МАҒАН 2200 ДОЛЛАР ӘКЕЛЕСІҢ ДЕДІ — АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Дата: 13 ноября 2017 в 15:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА МҰҒАЛІМ БОЛУ ҮШІН МАҒАН 2200 ДОЛЛАР ӘКЕЛЕСІҢ ДЕДІ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Қыпшақ ауылы. Жұмыссыз ауыл. Мұнда еті тірі жанға жұмыс жоқ. Әр мәселенің артында дау бар. Мектеп директорынан заңсыз запа шеккен мұғалім. Оқу жылына дайын емес мектептер. Клубта білім алып жатқан оқушылар. Мұғалім боп жұмысқа тұру үшін жиған-тергенін беріп, ақыры жұмыссыз қалған келіншек. Отбасындағы кикілжің.

Өлмесай Әлімқұлова, қудаланған мұғалім:

— Бастауыш сыныпқа мұғалім болу үшін маған 2200 доллар әкелесің деді.

Өлмесай мұғалімдікті 15 шақырым жердегі Абай ауылынан тапты. Көкесін көзіне көрсеткен проблема сол жерде басталды. Бастауыш мектеп сыныбына қабылданған Өлмесай шағын орталықтың тәрбиешісі болып шыға келді. Бұл орталыққа төрт жылда 40 тәрбиеші қабылданыпты. Бірі келіп, бірі кеткен. Босанғанына бір апта болғанда шағын орталықтың жабылғанын естіген Өлмесай төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей күй кешеді. Оны екі адамның қаһары күтеді: бірі – директоры, екіншісі – күйеуі. Қудаланған мұғалім. 30-дан енді асқан келіншек өлмек жанның күйін кешуде.

«Қатын, сонша ақшаны жұмысқа кірсін деп бердім!»

Қиналып күн көрген отбасы. Күйеуі кіжінетіндей жөні бар. Астындағы көлігін сатып, әйелін мектепке тұрғызыпты. Қыпшақ тұрғындарының бәрін үрей билеген.

Бауыржан Бейісов, ауыл тұрғыны:

— Жеңгем 700 мың теңге, келінім балабақшаға 600 мың теңге берді. Завучқа да, мұғалімдікке де, қарауылға да пара сұрап отыр. Біздің Абай ауылында жемқорлық – алады-береді, жұмысымыз бітеді. Заң деген нәрсе – жоқ.

Ауданның білім саласында былық жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында 1036 мектеп бар. 640 мың оқушының 86 мың 432-сі Сарыағаш ауданында оқиды. Мұнда бірінші тоқсан аяқталғанымен күрделі-жөндеу жұмыстары әлі бітпеген.

Сәкен Сейфуллин атындағы №77 мектеп. Өткен мамырда басталуы тиіс күрделі-жөндеу жұмыстарына рұқсат тамыздың 14-де берілген. Білім ошағында 734 оқушы бар. Екі маусыммен оқиды. Сарыаңаш ауданы №14 Алыбай батыр атындағы орта мектеп. Асхана, спортзалда жөндеу бітпеген.

Жаңа ғана қабырғаның сылағын түсіріп тұрған жұмысшылар КТК түсіру тобы келгенде жан-жаққа бытырай қашты. Сарыағаш аудандық білім бөлімі. Қаңыраған бос дәліз, жабық кабинеттер. Кешеден бері келіскен адамдар табылмады. Сұқбатқа келіскен бастығы жоқ, кеңселердің бәрі жабық.

Ауданда 138 мектеп бар. 13 мың педагог тартылған. Алайда басым бөлігі білімін ысырып қойып, ішкі істер бөлімі мен прокуратураның арасын тоздырып жүр.

Дереккөз: КТК арнасы

По сообщению сайта Матрица.kz

Поделитесь новостью с друзьями