Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тоғыз айдың түйіні

Дата: 31 октября 2017 в 20:52

Брифинг

Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қатар дамып келе жатқан Хромтау өңірінде бүгінгі күні қай салада да ілгерілеушіліктер байқалады. Мәселен, өткен тоғыз ай ішінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 103,6 пайыз құрап, 187 миллиард 401 миллион теңгеге жетті. Негізгі қорға инвестиция тарту 25 миллиард 917 миллион теңге аумағында болып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы іске 2 миллиард теңге тартылды.

«Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте аудан әкімі Аманғали Бердалин журналистерге осы жайларды мәлім етті.

Ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі кеңінен пайдаланылуда. Биыл ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 11 миллиард 785 миллион теңгені құрады.

Мал басын асылдандыру мақсатында шаруашылықтармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Асыл тұқымды мал өсірумен шұғылданатын шаруашылықтар саны 16-ға жетті. Осы ыңғайдағы мал саны 10295 басқа дейін көтерілді. Аудан әкімі алдағы уақытта бұл жұмыстардың одан әрі жүйеленіп, жетілдіріле беретіндігін айтты.

Егістік құрылымы өткен жылмен салыстырғанда 10,5 мың гектарға ұлғайып, биыл 85,7 мың гектарға егіс салынды. Оның ішінде 43 мың гектарға дәнді дақылдар егіліп, гектарына 13,1 центнерден өнім алынды. Алдағы уақытта егістік алқабын тағы да көбейту көзделуде.

Ауыл шаруашылығында өнімдерді қайта өңдеуге басымдық берілуде. «ТАУ агрофирмасы» ЖШС-ның тәуілігіне 20 тонна сүт өңдейтін кәсіпорны сүт өнімдерінің 16 түрін шығаруда. «Габор В.В.» ЖК шұжық цехы 30 түрлі өнім шығару мүмкіндігін пайдалануда. Алдағы уақытта күнбағыс майын және жем өңдеуге арналған қуаттылығы тәуілігіне 150 тонна зауыт іске қосылуы жоспарлануда.

«Қызылжар» ауыл шаруашылығы кешенінде қуаттылығы жылына 60 тонна шұжық цехының құрылысы аяқталды. Қазір қажетті қондырғылармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүруде. Сонымен қатар, шикізатпен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы жылына 400 басты қамтитын, жобалық құны 160 миллион теңгелік бордақылау алаңы құрылысы жүруде. Оны алдағы желтоқсан айында іске қосу жоспарлануда.

Қуаттылығы 500 тонна көкөніс қоймасының құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

Шағын және орта бизнесті қолдау бағытында да жұмыстар атқарылуда. Қазір осындай бизнес құрылымдары саны 2605 бірлікке жетті. «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» аясында былтыр 20 жоба 761 миллион теңгеге қолдау тапса, биылғы қаржыландыру мөлшері 919,7 миллион теңгеге жетті.  Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 8 әлеуметтік мәні бар жоба қолға алынды. Мәселен, «Қазхром ТҰК» АҚ Хромтау қаласында 320 орындық балабақша қабырғасын көтеруде. «Восход Oriel» компаниясы демалыс орталығының құрылысын бастады. «ҚазАдалҚұрылыс» ЖШС Ақжар ауылында, ал «Болжай Р» ЖШС Дөң селосында селолық дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізуде.

Бүгінгі күні аудан тұрғындарын газ желісімен қамту 94 пайызға жетіп отыр. Хромтау қаласындағы «22 квартал» шағын ауданына газ құбырын және Бөгетсай селолық округінің Тамды селосына газ құбырына күрделі жөндеу жүргізу үшін 214,7 миллион теңге бөлінді. Ақжар селолық округіне қарасты Жазық селосындағы газ құбыры құрылысына 107,8 миллион теңге қарастырылды.

Ауданда орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 88,3 пайызға жетті. Таяу маңда Сарысай, Бөгетсай селоларының тұрғындары да осы ауқымдағы игіліктерге қол жеткізбекші. Табантал селосындағы су құбырының жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды. Оның құрылысы алдағы жылы қолға алынбақшы.

«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша жалпы сомасы 102,8 миллион теңгені құрайтын 34 жобаны іске асыру белгіленсе, тоғыз ай ішінде 28 жоба пайдалануға берілді. Аудандық орталық ауруханада ашылған гемодиализ бөлімі көршілес Әйтеке би, Ырғыз аудандарының да тұрғындарын қамтуда.

Құқық қорғау қызметінде де ілгерілеушіліктер байқалады. Аудан аумағында тіркелген қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға кеміді.

Ауданда діни ахуалға да айырықша көңіл бөлінуде. Қазір өңірде арнайы білімді екі теолог маман қызмет атқаруда. Есепке алынға 62 жат ағымдағы дін өкілдерімен жан-жақты жұмыс жүргізіліп, түсіндіру шаралары негізінде 16 адам дәстүрлі жолға бейімделді. Он әйел адам тігіншілік мамандығына оқытылды. «Бизнес инкубатор» ғимаратынан арнайы бөлме жасақталып, жергілікті бюджеттен 1,5 миллион теңгеге тігін машиналары мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

— Біздің ұстанған мақсатымыз жат ағымдағы дін өкілдерін сыртқа теппей, олардың барлығын да жұмыспен қамту, күнделікті өмірге кеңінен араластыру,— деді аудан басшысы.— Бізде «Шапағат» деп аталатын ақпараттық орталығы осы бағытта жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта біздегі діни ахуалды қалыпты деуге болады.

 Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті