Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбеде «Марғұлан оқулары» өткізілмек

Дата: 25 октября 2017 в 00:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Брифинг

Биыл ақтөбелік археологтар Ә. Марғұлан атындағы Археология институтымен, РФ ҒА-ның Шығыстану институтымен және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, үш көне қорғанда қазба жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, барлау-зерттеу бағытында екі экспедиция ұйымдастырылған.

Бұл жөнінде кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали мен Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының батыс аймақ бойынша өкілі, тарих ғалымдарының кандидаты Арман Бисембаевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Мейрам Дүйсенғалидың айтуынша, облыс археологтары Ә.Марғұлан атындағы институттың мамандарымен бірлесе отырып, Маңғыстау облысымен шекарадағы өте көне Жезді қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізген. Жезді — адамдар сонау қола дәуірінен жаңа дәуірге дейін үздіксіз қоныстанған елді мекен. Биылғы жұмыстар нәтижесінде Жезді қаласының топографиялық жоспары жасалып, оғыз дәуірі, т.б. кезеңдерге жататын жәдігерлер табылған.

— Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты мен біздің музей арасындағы бірлескен жұмыстар алда да жалғасын табатын болады. Осы ынтымақтастық аясында 2018 жылы Ақтөбеде дәстүрлі «Марғұлан оқулары» халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отыр, — деді Мейрам Дүйсенғали.

Археолог, тарихшы ғалым Арман Бисембаев облысымызда көптеген кәсіпорындардың, мекемелер мен жергілікті әкімдіктердің тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мәселесіне жете мән бермейтінін, заң талаптарын орындамайтынын баса айтты. Ол Бекқұл баба ауылын мысалға келтірді. Мұндағы көне қоныс, қорғандар орындары жеке үй құрылысына жер телімі ретінде беріліп жатыр.

— Осы хабарды естігеннен кейін, біз қолымызға қайткенде бір жәдігер, деректер ілігіп, сақталып қалсын деген мақсатпен, дереу Бекқұл баба ауылына бардық. Жер телімін алғандардың бірі үйін көтеріп қойса, бірі іргетас құйып жатыр екен, сол қайнаған құрылыс жұмыстарының ортасында біз де өз ісімізге кірістік. Ол жерден біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырларға жататын әшекей бұйымдар таптық. Бұл — ерекше дүниелер. Нақ осындай әшекейлерді археолог

Мир Қадырбаев 1974 жылы Бесоба қорғанынан тапқан еді. Арада 33 жылдан кейін біздің облыс аумағынан мұндай бұйымдар бірінші рет табылып отыр, — деді Арман Бисембаев.

Археолог табылған әшекейлерді жиынға қатысқан журналистерге көрсету үшін өзімен бірге әкеліпті. Ол тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда, біздің облыста өткір тұрған мәселе екенін қынжыла жеткізді:

— Әсіресе, қазба байлығы игеріліп жатқан Темір, Мұғалжар аудандарында көптеген ескерткіштер жойылып кетті, — деді.

Сондай-ақ, биыл облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған жас ғалымдарды қолдау мақсатындағы жоба аясында Мейрам Дүйсенғали жетекшілік еткен топ арнайы грантқа ие болып, соның нәтижесінде Ойыл және Қобда аудандарындағы ғұн тайпаларынан қалған ескерткіш болып табылатын орындарда зерттеу жүргізілген. Мейрам Дүйсенғалидың айтуы бойынша, ғұндар заманының ескерткіштері облысымыздың барлық өңірлерінен табылады. Тек Ойыл, Қобда аудандарының өзінен 40 кешен тіркеліп отыр.

Археологтар Елбасы тапсырмасы бойынша қолға алынған «Киелі жерлер географиясы» жобасы аясында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде де баяндады. Жоба аясында аймағымыздан республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне — 9 нысан, ал жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне 47 нысан ұсынылған.

Облысымызда Шалқар мен Байғанин аудандарынан басқа аудандар аумағындағы ескерткіштер толықтай тізімделіп қойған. Енді осы екі аудандағы ескерткіштерді тізімге алу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

 Индира ӨТЕМІС.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті