Бірінші кезекте қызмет көрсетілуі тиіс

Дата: 25 сентября 2017 в 00:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Бірінші кезекте қызмет көрсетілуі тиіс

2005 жылғы 13 сәуірде қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 14-бабына сәйкес мүгедектердің мемлекеттік және өзге ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы мекемелерде өздеріне бірінші кезекте қызмет көрсетілуін талап етуге құқы бар.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілеттік органның аймақтық бөлімшесі — Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне қала прокуратурасы мен «Қазақ соқырлар қоғамы» филиалынан түскен өтініш негізінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға бірінші кезекте қызмет көрсетілуі құқығының сақталуына талдау жасалды. Талдау барысында Ақтөбе қаласындағы екінші деңгейдегі банктерде(«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның бөлімшелері, «Kazkom банкі» АҚ-ның бөлімшесі), денсаулық сақтау ұйымдарында (№1-6 қалалық емханалар) және «Қазақтелеком» АҚ-ның бөлімшелерінде қызметтің барлық түрлері мүгедектерге электронды кезекпен, талон арқылы көрсетілетіндігі, бірақ бұл кезектерде он екі мүшесі сау адам мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында еш айырмашылық көзделмегендігі анықталып, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тұлғалардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу және заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатындаосы мәселені шешуге бағытталған нақты шаралар қабылдауға тапсырма берілді.

Осыған орай, департамент  басшысы С.Аманбаевтың төрағалық етуімен, сондай-ақ, жоғарыда аталған мекемелердің басшыларынының қатысуымен кеңес өткізіліп, оның қорытындысында қабылданған ұсыныстар аталған мекемелердің басшыларына жолданды. Ұсыныстарда мүгедектердің бірінші кезекте қызмет алу құқығын қамтамасыз ету шараларын ұйымдастырып, олардың орындалуын тұрақты бақылауға алу керектігі атап көрсетілген.

Бүгінгі күніаталған мекемелер департамент тарапынан жіберілген нұсқамаларға орай, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға бірінші кезекте қызмет көрсету құқығын сақтау шараларын қолға алды, атап айтқанда:

—ғимараттардың кіре берістеріне мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға бірінші кезекте қызмет көрсетілетіні жөнінде сілтемелер мен мекеме қызметкерлерін шақыру үшін қоңыраулар орнатылған, жекелеген дәрігерлер бөлмелері есіктерінде де кезектен тыс қабылдау жүргізілетіні туралы жазылып көрсетілген, банк бөлімшелерінде кеңес беру, қызмет көрсету, бағыт-бағдар беру бойынша арнайы мамандар бөлу қарастырылған.

Сонымен қатар, облыстық телекоммуникация дирекциясы мен «Казкоммерцбанк» АҚ филиалы басшылықтарыжоғары жаққа мүмкіндігі шектеулі азаматтарға  «Электронды кезек» жабдығын басымдық тәртіпте пайдалану мүмкіндігін ұйымдастыру туралы жазбаша сұраныстар жіберді.

Мүгедектерге бірінші кезекте қызмет көрсету мәселелерінің барысы бұдан былай да департаменттің тұрақты бақылауында болады.

Асқар МҰХИТОВ,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон 

комитетінің Ақтөбе облысы бойынша 

департаментінің халықты әлеуметтік 

қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы.