Популярные темы

ЖАРНАМА: Ескі ПРОИГРЫВАТЕЛЬДІ жаңа ВЫИГРЫВАТЕЛЬГЕ ауыстырам!

Дата: 24 сентября 2017 в 17:13


ЖАРНАМА: Ескі ПРОИГРЫВАТЕЛЬДІ жаңа ВЫИГРЫВАТЕЛЬГЕ ауыстырам!
Жаңа-ескі министрдің орнына қандай ескі-жаңа министр келеді екен? Келсе екен! Итте болсада! Телефон шыр ете қалды — сразы түсіндім кім екенін – 01-і екен.

— Сикош, қалайсың?
— Ассмкм Нұр аға... Мәз емес онша, бірақ пойдет!

— Чото настроение жоқ ғой? Ауылға соқпады деп ренжіп отқан сияқтысың ғой, а?
— О жоға Нұр-аға. Түсінем ғой сізді, жұмыс көп, шешетін мәселе көп... біздікі майда-шүйда ғой — жол, су, свет, газ... Кәйтесіз уйымдап...

— Уайымдамағанда? Мен уайымдамасам кім уайымдайды? Ал ауылыңда — свет, газ, су жоқпа не? Бәрі бар ғой! Отчет беріп жатыр ғой!
— Енді бары бар, бірақ тұрып қалады, өшіп қалады, сынып қалады....Көшенің асфальты мені қинап тұрған...

— Енді асфальтың жоқ екенін білем — облыс әкіміне ақша бөл деп айтып қояйын... Тек қана музей, ескерткіш сала бермесін...
— Оппа, жақсы болды. Енді настроение көтеріліп қалды! Бір жаңғырып қалдым. Рухани жаңғырып!

— Ой сенде бір, кекетіп отырасың осы! Жаңғыруда не шаруаң бар?
— Енді жаңғыомағанда ше?! Шын айтам, Нұр-аға. Сол мақалаңыздан кейін барлығымыз, туған-туысқан, көрші-көлең, аулдың иті бар, биті бар, бәріміз бырталай көтеріліп жақсы болып қалдық! Бірақ сол итпен биттер шаршатты — мусорды өзеннің бойына тасуды қойған жоқ!

— Енді маған не дейсің? Әкімдерің қайда? Сен былай ғыл — мусор-пусор, жол-пол деп басты қатырма! Оданда мені тыңда! Саған деген үш жаңалығым бар!
— Башконың, Сағадииптердің жаңалықтарынан шаршап отыр едік. Ол тағы қандай жаңалықтар?

— Біреуі — керемет жаңалық, екіншісі — жаман, үшіншісі вобшм страшный жаңалық!
— МММ...

— Неге үндемей қалдың?
— Қайдан білейік Нұр-аға, на ровном месте косякқа кіріп кетпеймізбе деп ойланып отырмын!

— Кароче, қайсысынан бастайын?
— Нұр-аға, сол жаңалықтарды может Елордаға барып депутат, министрлерге айтасыз. Очкую чото я...

— Жо, бұл жаңалықтар елге, ауылға, өзің сияқты колхозниктерге қатысы бар!
— Көндік онда. Көрейік, ақыры болар. Айта беріңіз. Бірақ алдымен жақсысын айтыңыз — ырымшыл халықпыз ғой...

— Мына білім министрін алып тастағым келіп отыр...
— Уаауваувауууууауавууууугугугугуггыггыгыгыуыххххх!... Алақай, Нұр-аға. Мынауыңыз вобшм керемет гой. Ауыл, мұғалімдер, ата-аналар қуанатын болды! Вобшм реально керемет болды! Считается! Ал жаман жаңалығыз ше?

— Мектеп директорларын жаппай жұмыстан шығырамба деп отырмын!
— ... Бұныңыз слишком артық емеспе? Олардың ішінде нәрмәльный, білікті де білімді адамдар бар ғой, Нұр-аға?!

— Шештік уже. Шаруаң болмасын! Ал вобшм СТРАШНЫЙ жаңалық – новыйдан директорларды сайлап, тағайындайтын адам керек! Сол адам – яғни білім министрі – СЕН БОЛАСЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫҢ!!!!!

Астапыралла деп үлгермедім – түсім екен! Керует салдыр-гүлдір аунап кете жаздады. Бірақ керемет түс екен!

Есімді азмаз жидым. Мұздай судан бір кружка қағып салдым! Біраз ойланып, толғанып сол 01-інің алдынғы екі жаңалығы дұрысау дедімде, серванттағы Қазақстан коньягынан 50 грамм құйдым!

Серік Мәмбетов, ауылдың түс көргіш азаматы
Поделитесь новостью с друзьями