Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Жігер-2017»: республикалық лагерь жұмысы қорытындыланды

Дата: 18 сентября 2017 в 00:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Жігер-2017»: республикалық лагерь жұмысы қорытындыланды

Өткен жұма күні Ақтөбе қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ғимаратында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалым өтті. Оған ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов, атқарушы билік өкілдері, сала мамандары мен курсанттар қатысты.

Шараның өзі республикалық «Жігер-2017» әскери-патриоттық лагерінің жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды. Аталған лагерь осы жылдың 10-15 қыркүйек күндері аралығында Ақтөбеде шымылдығын түрген-ді. Мақсат — жастар арасында Отанға қызмет ету идеясын қалыптастыру және оны қорғау, бұл сала бойынша атқарылып жатқан идеологиялық жұмыстарды одан әрі дамыту. Жігіттер 5 күнге созылған шара барысында әскери дайындық бойынша шеберлік сағаттарына, әскери-қолданбалы спорт түрінен жарыстарға, әскери-далалық ойындар мен эстафеталарға қатысып, өздерінің білімі мен білігін арттыруға күш салды. Сондай-ақ, жер-жерден жиналғандарға «Мәңгілік Ел» идеясы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жай-жапсары кеңінен түсіндірілді. Жалпы, лагерьге қатысушылар саны — 80. Олардың арасында әскери-патриоттық клубтардың өкілдері, кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, т.б. бар.

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнап айтқан бір сөзінде: «Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміздегі іс. Патриот болу дегеніміз өзінің елін мақтан ету, тарихын білу, елінің жарқын болашағын жасауға өз үлесін қосу», — деген еді. Осы жиынның негізгі мақсаты — Елбасының «Мәңгілік ел» идеясының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, жаңа қазақстандық патриотизм сезімін ояту. Осыған орай жергілікті билік өкілдері мен құзырлы орган мамандары лайықты жұмыс жүргізуде, — деген ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов лагерь жұмысын ұйымдастырғандарға алғысын білдіріп, облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевке ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арнайы шығарылған мерекелік медаль табыстады. Өз кезегінде Ербол Нұрғалиев:

— Әуелі барлық жастарға, қатысушыларға киелі, құтты мекен — Ақтөбеге қош келдіңіздер демекпін. Бұл лагерь аясында бірталай жастар бір-бірімен қауышып, өзара тәжірибе алмасты. Олардың лагерьге қатысты жылы лебіздерін естіп, ішімізден риза болдық. Жалпы, жастардың арасындағы маңызды бағыттардың бірі — әскери-патриоттық тәрбие. Бұл біздің болашағымыз үшін өте маңызды. Осындай шараларды қолдауға біз әрқашан дайынбыз, — деді.

Басқосу соңында жоғарыда аталған лагерь жұмысына белсене араласқандарға сертификаттар беріліп, құрмет көрсетілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті