Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жыл басынан бері ШҚО-да 202 адам иіс тиіп уланған

Дата: 12 сентября 2017 в 11:49

Аймақтық коммуникациялар қызметінде облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында жылыту маусымында болуы ықтимал оқыс жағдайлардың алдын алу шараларын қалай жүргізу қажеттігі жайында айтылды, деп жазады altaynews.kz.
Ағымдағы жыл басынан бері облыста 202 адам иіс тиіп уланып қалған. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, биыл 75 бала жеке тұрғын үй секторларындағы пештің дұрыс тартпауынан зардап шеккен.
– Иіс тиюдің алдын алу үшін алдымен көмір сапалы болуы керек. Әрине, қымбат бағада сатылатын сапалы отынды алуға екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Десе де, ең бірінші денсаулықты ойлаған жөн. Өкінішке қарай, облыс тұрғындары төтенше жағдайларға тап болған кезде қандай шаралар қолдану қажеттігін білмейді. Сондықтан біз осы жағын ескере отырып, болашақта тұрғындарға суға батып бара жатқан адамды немесе өрт ішінде қалып қалған жандарды қалай құтқару керектігін үйрететін боламыз, — дейді Елдос Чикенов.
Ағымдағы жылы суға түсу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 48 адам ажал құшқан. Мамандардың айтуынша, сақтық шаралары туралы үгіт-насихат жұмыстары жыл сайын жүргізілгенімен, әзірше нәтижелсі мардымсыз. Биыл құтқарушылар жағажайда суға батып кеткен 17 адамды құтқарып қалған. Соның ішінде екеуі кәмелеттік жасқа толмаған балалар екен.
Айта кетейік, биыл облыста 482 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,5 пайызға төмен. Елдос Чикеновтің айтуынша, осы жылы өрт салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 34,4 пайызға азайған.
– Облыс тұрғындарын барлық қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Біздің еліміздің Конституциясында: «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Сондықтан еліміз үшін әрбір қазақстандықтың өмірі қымбат екенін естеріңізден шығармаңыздар, — дейді Елдос Чикенов.Брифинг барысында қыркүйек айынан бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталғаны жөнінде де сөз қозғалды. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, биыл біздің облыстан 1200-ден астам азамат әскери борышын өтеуге аттанады.
– Облыста Отан алдындағы борышын өтеуге 63157 адам тіркеуде тұр. Егер олардың денсаулық жағдайы жарамды болса, бірден әскер қатарына жіберіледі. Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында: «Әскерге бару қиындап кетті» деген қате пікір қалыптасқан. Осы орайда, медициналық комиссиядан өткен кезде қандай да бір әділетсіздіктерге тап болған азаматтарға облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына хабарласуларын сұраймыз. Себебі, біз бұл мәселелердің барлығын бірлесіп шешетін боламыз, — деді Елдос Чикенов.
Фото: altaynews.kz

По сообщению сайта Zakon.kz