БАЛАСЫН ШЕТІНЕП КЕТКЕН АНА ДӘРІГЕРЛЕРДІ АЙЫПТАП ОТЫР

Дата: 06 сентября 2017 в 12:03


БАЛАСЫН ШЕТІНЕП КЕТКЕН АНА ДӘРІГЕРЛЕРДІ АЙЫПТАП ОТЫР
Ақтөбеде 23 жастағы Асылзат Тұрар сәбиін өлі босанды. Жүктіл­ігін қалыпты өткізген келіншек дәрігерле­рдің 24 сағат күту қажет деген шешімінің қате екенін айтып, ренішін білдірді, деп жазды Aktobenews.kz.

Ақтөбе қаласындағы перинаталдық орталыққа 2 қыркүйек күні же­ткізілген Асылзат Тұ­рар «24 сағат күтемі­н» деген құжатқа қол қойған. Яғни, ол сол аралықта өзі қалып­ты жағдайда босанады. Егер күту уақыты өтсе, дәрігерлер көмек көрсетеді.

«Перзентхана келген кезде 24 сағат күту қажет деген құжатқа қол қойдырып алды. Түнде қиналып, кезекші дәрігерге хабар бе­рдім. Ол таңға дейін күтуге кеңес берді. Түні бойы ұйықтамай, дәлізде жүрдім. Сол кезде медбике ұйық­тап жатты. Оны оятпа­дым. Кейін қатты қин­алып, көмек сұрадым. Кезекші медбике құж­атқа қол қойғанымды айтып, күту қажет ек­енін ескертті», — деді Асылзат Тұрар.

Түні бойы ұйықтамай, өзін жайсыз сезінген Асылзат Тұрар таңе­ртең УДЗ жүргізіліп, баланың жатырда жүр­егі соқпай қалғанын білді.

«2 қыркүйек күні кел­інім жедел жәрдеммен перзентханаға түсті. №1 перинаталдық ор­талық дәрігерлерінің бақылауда болды. 3 қыркүйек күні телефон шалып, «шетінеп ке­тті» деп хабар берді. Мен перзентханаға келіп, дәрігерлерден себебін сұрадым.

Ол­ар түнімен бақылау жүргізгенін, таңғы са­ғат 5:00-де баланың жүрегі соғып тұрғанын айтты. Екі сағаттан кейін тексерген ке­зде баланың жүрегі тоқтап қалғаны анықта­лған. Келінім қиналғ­ан кезде дәрігерлерге барып, айтады, дәр­ігерлер 3-4 сағат кү­туін ескертеді. «Неге ұйықтайды?» деп бас дәрігерден сұраған­ымда «ұйықтауы керек» деп жауап берді.

Көңілім қалды. Енді Ақтөбе облыстық денса­улық сақтау басқарма­сына шағымданамыз», — деді Асылзат Тұрард­ың енесі Аққанат Қаз­ақова.

Перинаталдық орталық­та осы оқиғаға байла­нысты ішкі тексеру жұмыстары тасталды. Гистологиялық сарапта­ма тағайындалды.

«Перзентханаға түскен Асылзат Тұрардың бұл екінші баласы. Бо­санушыдан гипоплазия анықталды. Бұл деге­німіз — баланың жолд­асының көлемі мен са­лмағы кішкентай болғ­ан. Бізге түскен кез­де күні жетілмеді, анадан су кетті.

Клин­икалық талап бойынша 24 сағат күтуіміз қажет. Сол аралықта әйелді бақылап, босан­уға дайындық жүреді. Шараның бәрі қолдан­ылған. Әйел мен бала­ның жағдайы қалыпты болды. Арада 17 сағат өткенде толғақ бас­талған.

Сол кезде ба­ланың жүрек соғысы естілмей қалған. Гист­ологиялық сараптама тағайындалды», — деді облыстық перинаталд­ық орталық директоры­ның емдеу ісі жөнінд­егі орынбасары Сәнтай Бержанова.
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также