ОҚО-да тұрмысқа шықпақ болған қыз ата-анасы мен полицейлерді тік тұрғызды

Дата: 29 августа 2017 в 16:54 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта NewTimes

ОҚО-да тұрмысқа шықпақ болған қыз ата-анасы мен полицейлерді тік тұрғызды

Ағымдағы жылдың тамыз айының 17-і күні Сайрам аудандық ІІБ-на 2000 жылы дүниеге келген бойжеткеннің ата-анасы қыздарын белгісіз біреулер ұрлап кеткені туралы шағымданады. Бұл жайт ішкі істер органында тіркеліп, ҚР ҚК 126-бабы, яғни, «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Шұғыл түрде жоғалған қыздың мекен жайын анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылады. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арада бірнеше күн өткен соң полицейлер кәмелет жасына толмаған қызды Шымкент қаласынан тапқан. Ол жігітінің туыстарының пәтерінде болған. Бойжеткеннің айтуынша, оны ешкім ұрламаған. Ата-анасы қарсы болғандықтан сүйіктісіне тұрмысқа шығу мақсатында үйінен өзі қашып кеткен. Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның орын алу барысын анықтап жатыр.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, жыл басынан бері бір ғана Сайрам ауданында үйлену мақсатында қыз ұрлау бойынша 17 оқиға тіркелген. Бір қызығы, барлық тіркелген іс екі жақтың келісімімен қысқарып кеткен.