АТЫРАУДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШАҒЫМЫНАН КЕЙІН ТЕКСЕРІЛДІ

Дата: 25 августа 2017 в 17:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


АТЫРАУДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШАҒЫМЫНАН КЕЙІН ТЕКСЕРІЛДІ
Атырау тұрғындары қаладағы жағымсыз иіске шағымданғаннан кейін бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорындарды тексеру басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«19-22 тамыз күндері Атырау облысының мемлекеттік экологиялық инспекторлары мен зертхана мамандары нақты аумақ пен ауа сапасын бақылау автоматтандырылған стансасының көрсеткіштеріне талдау жүргізді.

Атырау облысындағы «Қазгидромет» РМК бөлімшесінен келіп түскен АМӨЗ ЖШС атмосфералық ауаны бақылау станциясының дерегі бойынша, 19-22 тамыз күндері Химпоселок, Жилгородка, Мирный, Водникова және Балықшы аудандарындағы ауаның құрамында көмірсутек (СН) концентрациясы табылды.

Жалпы алғанда көмірсутектер атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, шектеулі рұқсат етілген концентрациядан аспайды», — деп хабарлады өңірдің экология департаментінде.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК дерегі бойынша сол күндері жылдамдығы 2-10 м/с болатын оңтүстік және оңтүстік-шығысқа қарай жел тұрған. Аталмыш бағытта «АМӨЗ» ЖШС, «Петро Экспорт» ЖШС мен «Оргсинтез» ЖШС-лары орналасқан. Қазіргі таңда аталмыш ұйымдарды тексеру басталды.
Поделитесь новостью с друзьями