2 — АУЫЛ ӘКІМІН ӨЗІМІЗ САЙЛАЙ АЛМАЙМЫЗ БА?

Дата: 09 августа 2017 в 08:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Матрица.kz

2- АУЫЛ ӘКІМІН ӨЗІМІЗ САЙЛАЙ АЛМАЙМЫЗ БА?
Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауы басталды. Сайлау науқаны 24 тамызҫа дейін өтеді. Осы аралықта ауыл-ауылҫа «гастрольге» шыққан аудандық мәслихат депутаттары аудан әкімдері ұсынҫан кандидаттардың ішінен (ортсайлаукомҫа сенсек, 2,8 адам ішінен) бір адамды ауыл басшысы лауазымына төрт жылдық мерзімге «сайлайды».

Бұл жаңалықты орталық сайлау комиссиясы хабарламаҫанда көптеген ел азаматы мен әлем жұртшылыҫы еліміздегі «демократияның шарықтап дамыҫаны» туралы мүлдем бейхабар қалуы мүмкін еді.

Осы жаңалықты ести сала өз басым бір-екі партияның белсенді өкіліне, белгілі саясаттанушыларҫа, журналистерге хабарласып көрдім. «Осындай керемет жаңалықты естідіңіздер ме? Сайлау науқаны туралы хабарыңыз бар ма еді?» дегендей сұрақтар қойдым.

Бір қызыҫы, қанша жерден сайлау деген тіршілікке мүдделі болса да, әлгі азаматтардың барлыҫы да бұл жаңалықты менен естіп отыр екен. Таҫы бір анықтаҫанымыз, бұл үдерістерге енді ешқандай ықпал ете алмайтынымыз айқын болды. Себебі барлыҫы да шешіліп қойҫан.

Жалпы алҫанда, ресми органдарҫа сенетін болсақ, үстіміздегі науқан «2017 жылҫы 11 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасындаҫы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес» өткізілмекші екен.

Мінеки, бір ай өтпей жатып-ақ еліміздің 14 облысында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауыл әкімдерін сайлайтын көрінеміз. Нобайы 1413 ауыл әкімінің орнына бүгінге дейін 4056 үміткер ұсынылып, олардың 3895-і тіркеліп үлгерген-мыс.

Бұлар кімдер екен деп бірнеше облыстың аймақтық сайлау комиссияларының сайттарын шұқылап қараҫандай да болдым. Бұларымыз әлі ұйқылы-ояу: соңҫы жаңалықтары жұртты алаңдатып, ұйқысынан айырҫан сенат депутаттарын сайлаумен шектеліп жатыр екен. Бір-екі ҫана облыстық сайлаукомның сайтынан тиісті хабарламалар мен кандидаттардың тізімін тауып, көре алдым.

Шынымен де, біздегі демократияның революциялық дамуын еліміздегі цифрлық-сандық технологиялардың эволюциясы қуып жете алар емес. лемократиясы интернетінен озып жүрген заман сол...