«Zoodel» — экспорттаудың тиімді алаңы

Дата: 08 августа 2017 в 22:42 Категория: Новости экономики

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

«Zoodel» — экспорттаудың тиімді алаңы

Елімізде жаңа онлайн сауда алаңы іске қосылмақ. «Zoodel» деп аталатын онлайн сауда алаңы арқылы кез келген кәсіпкер өз өнімін шетелге оңай әрі тиімді экспорттай алады. Бұл туралы облыстық әкімдікте «Иә, сен экспорттай аласың!» тақырыбында өткен бизнес-семинарда айтылды.

Ақтөбеге келген  «Zoodel» компаниясының сату жөніндегі директоры Азамат Мұхаммед мұны үкімет пен жеке бизнес арасындағы бірлескен серіктестік жоба екенін айтты. Ол «Zoodel» сауда компаниясының қызметі бүгінде ақтөбелік кәсіпкерлердің қызығушылығын туғызып отырғанын жеткізді.

— Мақсат — экспорттық операциялар желісін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жергілікті экспортты ілгерілетудің жаңа құралдарын ұсыну. Халықаралық «Zoodel.com» B2B онлайн сауда алаңы жергілікті тауар өндірушілерге ТМД және Жібек жолы елдерінің, яғни Түркия, Қытай, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Пәкістан мемлекеттері нарығына шығуға шексіз мүмкіндіктер ұсынады. Яғни біздің міндетіміз — қазақстандық тауар өндірушілерге өнімді экспорттауға көмектесеміз. Оның ішінде шағын және орта бизнестегілерге экспорт жөнінен қолдау танытамыз. Себебі, еліміздегі ірі компаниялар өнімді экспорттау ісімен өздері шұғылдана алады, ол үшін ондай кәсіпорындардың бай тәжірибесі бар. Ал біз шағын және орта кәсіптегі қазақстандық тауар өндірушілердің өнімін «Zoodel.com» онлайн сауда алаңы арқылы әр елдің өз тілінде жарнамалап, экспорттауға ықпал жасаймыз. Бизнес субъектілеріне экспорттаудың тиімді әдіс-тәсілдерін түсіндіру, қызметімізді насихаттау мақсатында Ақтөбеге бірінші рет келіп тұрмыз. Дегенмен, бүгінгі күні біздің қызметті тұтынған ақтөбелік компаниялар бар. Қазірдің өзінде «Zoodel» компаниясы 1000-нан астам қазақстандық кәсіпорын өнімдерін шетелге экспорттауға жағдай жасады.  Сондықтан елімізде  «Zoodel» сауда алаңын мейлінше іске қоспақшымыз. Біз Қазақстанды  Орталық Азиядағы сауда орталығы қылғымыз келеді, — деді А.Мұхаммед.

Облыс әкімдігі ғимаратында «Kazakh Invest» акционерлік қоғамы Ақтөбе филиалының директоры Марат Балмұхановтың төрағалығымен өткен жиында «Zoodel» компаниясының өкілдері жаңа жүйе бойынша тауар өндірушілерге экспорттаудың неғұрлым келешекті әрі экономикалық жағынан тиімді бағыттарын түсіндіріп берді.

Марат Балмұхановтың айтуынша, облыстың өткен жылдың соңындағы сыртқы саудасы  3,8 млрд АҚШ долларын құрады. Облыстық экспорттың көлемі — 2,9 млрд АҚШ доллары. Импорт —  939,4 млрд АҚШ доллары. Ел аймақтарының арасында сыртқы сауда көлемі бойынша Ақтөбе облысы 7-орынға (үлес — 6,5 пайыз) табан тіреген. Республикада Ақтөбе экспорт көлемі бойынша 5-орынға (үлес — 7,9 пайыз), өңделген экспорт бойынша 4-орыннан (үлес — 11,9 пайыз) көрініпті.

— Өздеріңізге белгілі, қазір ел Үкіметі отандық тауар өндірушілердің өнімін шетелге экспорттау саясатын тиімді жүзеге асырып жатыр. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл бағытта «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен үлкен жұмыстар қолға алынды. Соның бірі — отандық тауар өндірушілер үшін өнімді экспорттауда шетелде өз қоймаларын ашуға мүмкіндік туды. Атап айтсақ, ақтөбелік 13 компанияға мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде осындай мүмкіндіктер жасалды. Бүгінгі күнге дейін  «Kazakh Invest» акционерлік қоғамының ықпалымен ақтөбелік компаниялар 38 миллион АҚШ доллары үстінде экспорттық келісімшарт жасауға мүмкіндік алды.  Былтыр Ақтөбе обылысының экспорты 2,9 миллиард АҚШ долларын құрады.  Облыстың жалпы экспортында өңделген тауарлардың салыстырмалы салмағы 53 пайызға немесе 1,5 миллиард АҚШ долларын құрып, 0,4 пайызға өсті, — деді М.Балмұханов.

Жаңа жобаның ұйымдастырушылары мен бастамашылары — ҚР Экономика министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы», «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы, сондай-ақ, аудандық әкімдіктердің қолдауымен жетекші бизнес-ассоциа

Бизнес-семинар кезінде Азамат Мұхаммед мұндай роуд-шоу келесі жолы Орал қаласында өтетінін айтты.

Арайлым НҰРБАЕВА.