Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

ЕЛІМІЗДІҢ БЕС ОБЛЫСЫНДА ДАБЫЛДЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Дата: 02 августа 2017 в 18:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Матрица.kz

ЕЛІМІЗДІҢ БЕС ОБЛЫСЫНДА ДАБЫЛДЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Жамбыл, Қостанай және Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«3 тамыз күні күндіз, 4 тамыз күні тәулік бойы Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрып, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 3 тамыз күні Қостанай облысында найзағай ойнап, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, желдің екіпіні 25 м/с жетеді. Бұршақ ұрып, дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысында 3 тамыз күні күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екіпіні 25 м/с жетеді.

3 тамызда күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с жетеді.

Сонымен қатар 3 тамызда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с жетеді деп болжануда.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым аумағында температура төмендейді, дегенмен батыста 40 градусқа дейін ыстық болады.