ЕСІРТКІНІҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІМЕН КҮРЕС ЖЕҢІЛДЕЙДІ

Дата: 25 июля 2017 в 21:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Матрица.kz

ЕСІРТКІНІҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІМЕН КҮРЕС ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Есірткінің жаңа түрлерімен күрес жеңілдетілмек,-деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мәселе, химиялық құрамы үнемі жаңарып тұратын синтетикалық есірткілерге қатысты. Бірі анықталып тыйым тізіміне енсе, екінші күні жаңаратын зиянды заттарды толық қадағалап отыруға мемлекеттің мүмкіндігі жетпейді.

Үнемі заңға өзгерістер енгізуді талап ететін күресті енді полицейлер «балама» терминін енгізу арқылы жеңілдетпек. Ішкі істер министрлігі Премьер-министрдің пәрменін күтіп отыр. Тиісті заң құпталса, қазынаның зерханалық сынамаларға жұмсалатын ақшасы да бүтін қалмақ. Ал бүгін министр Қалмұханбет Қасымов үкімет отырысына тағы 88 есірткінің тізімін әкелді.

Оны тыйым салынған есірткілердің ұлттық тізіміне енгізсе халықаралық ұйымдардың қара тізіміндегі препараттың барлығы қамтылады дейді министр.