Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ТҰРҒЫНДАР АУЛАНЫ БҮЛДІРГЕН КОМПАНИЯМЕН ҚЫРҚЫСЫП ЖҮР

Дата: 13 июля 2017 в 10:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ТҰРҒЫНДАР АУЛАНЫ БҮЛДІРГЕН КОМПАНИЯМЕН ҚЫРҚЫСЫП ЖҮР
Көкшетауда тұрғындар көпқабатты үйлерінің ауласын астаң-кестең еткен компанияны іздеп таппай жатыр. Осыдан бір жарым ай бұрын ағаштарды тамырымен жұлып, темір қоршаулар мен жол жиегіндегі тастарды қопарған жұмысшыларды көріп ауламыз жөнделеді екен деп ойлапты. Алайда ауланы қиратқан олар жұмыстарын аяқтамай, жоқ болған. Енді тұрғындар есік алдына шығудан қалдық деп отыр. Ал құзырлы орындағылар ыңғайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұраудан басқа жарытып ештеңе айта алмады,-деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Аулалары күрделі жөндеуден өтетінін естіген тұрғындар алғашқыда қуанып қалған. Жұмысшылар келіп, темір қоршауларды жұлып, ағаштарды сұлата бастағанда түсіністікпен қарапты. Бірақ компания жөндеуді аяқтамай, мүлдем жоқ болып кеткен. Ал астан-кестеңі шыққан аула тұрғындары енді сүрініп, майып боламыз ба деп алаңдаулы.

«Бұл мәселе туындағалы бір жарым ай болды. Мердігерді қазір өзіміз іздеп жүрміз. Жұмысшылары арақ ішіп, қуыс-қуыста жатты. Қала әкімдігіне, коммуналдық қызметке, бәріне хабарластық. Ештеңе айтпайды. Өлетін болдық мына жерде сүрініп»,-дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Жақсылық Қараболатов.

Осы «Юбилейный» ықшамауданындағы аулаларды жөндеуге бюджеттен 371 миллион теңге бөлініпті. Бұл қаржыға астаналық компания 9 ауланы бірдей жөндеу қолдан келеді деп, мемлекеттік тапсырысты жеңіп алған. Алайда жұмыстың аяқсыз қалуына айтқан уәждері, көтере алмайтын шоқпарды белге байлағанның әрекетін еске түсіреді.

Тапсырыс беруші – қалалық әкімдіктегілер болса, жөндеушілердің әлі де уақыты бар екенін алға тартады. Яғни келер жылға дейін тапсыруы керек мердігер аулаларды мерзімінен бұрын қазып тастапты.

Мердігер үшін кешірім сұраған шенеуніктің айтуынша, Көкшетау қаласында қазір 3 ықшамаудандағы аулаларды жөндеу қолға алыныпты. Бірақ әзірге бәрі де дәл осылай астан-кестең күйінде қалған. Осынау жұмыстарға бюджеттен 800 миллион теңге бөлініпті.

По сообщению сайта Матрица.kz