Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Білім беру сапасы немесе біліктілік сыны

Дата: 26 июня 2017 в 00:12

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі кеңейтілген отырысы Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде өтті. Жиынға №22 Мәртөк  сайлау округінен сайланған депутат Аманкелді Есіркепов төрағалық етті.

Шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, колледждердің директорлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Депутаттар алдында облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова жүйесінің бүгінгі ахуалы және алдағы атқарылатын шаралар туралы хабарлама жасады.

Хабарламада өткен жылы жүзеге асырылған шаруалар кеңінен талданып айтылды. Мәселен, былтыр облыстың білім беру саласын дамытуға 66,8 миллиард теңге қарастырылған. Биылғы деңгей 80,2 миллиард теңгені құрап отыр.

Қазақстан Респубикасының 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен жылы облыста 4655 орындық 41 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Соңғы 3 жылда жеке балабақшалар саны 3 есеге, яғни 25-тен 78-ге көбейді. Қазіргі уақытта облыста 561 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 313 балабақша және 248 шағын орталық қызмет атқаруда.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 862 орындық 10 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның жетеуі Ақтөбе қаласының еншісінде. Ашылған 10 балабақшаның 9-ы жеке, 1-і мемлекеттік үлгіде деп есептеледі.

2016 жылы облыс мектептеріндегі компьютерлер саны 584 бірлікке көбейіп, компьютерлік жаңартуға облыс бойынша 156,0 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Сонымен қатар, 2016 жылы шағын жинақталған мектептердің базасын нығайту мақсатында 108 мектепке 216 комплект интерактивті құралдар сатып алуға трансферт бөлінді.

2012 жылдан ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқыту енгізілді. 2016 жылы облысымызда бірінші сыныпқа қабылданған 841 оқушы толығымен жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқуға көшті. Оның ішінде 15921 бірінші сынып оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жаңа жүйемен оқуда. Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерту мақсатында тереңдетілген 258 сыныпта 7332 оқушы қамтылған.

Былтырғы жылдың қазанынан бастап облыстың 215 мектебіне «Bilimland.kz» білім беру ресурсын пайдалану мүмкіндігі берілді және «Күнделік.kz» бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізіліп, оған жоспар бойынша қарастырылған 331 мектептің қазіргі күнде 248-і қосылды.

Облыста даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы түзеу жеке, топтық дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыратын 19 арнайы ұйымдар қызмет көрсетеді. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы біліммен қамту көрсеткіші 79,4% құрайды. Инклюзивтік білім берумен 1858 бала қамтылды, бұл көрсеткіш  мектепке дейінгі және мектеп жасындағы даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы бала санының  38,3%-ын  құрайды.

Облыста 41 техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары, оның ішінде 24 мемлекеттік, 17 мемлекеттік емес ұйымдар    жұмыс жасауда. Жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылуы 17,3 пайызды құрайды. Техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы саны 27697 оқушыны құрайды. Мемлекеттік тапсырыспен 12857 оқушы білім алуда.

Биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» енгізу жоспарлануда, оның бірінші бағыты «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бойынша алдағы оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 5485 оқушыны қабылдау жоспарланып отыр.

Былтыр техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 6350 түлек бітіріп олардың 4520-ы жұмысқа орналасты. Бірқатары жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыруда.

Дуальды оқыту жүйесі бойынша облыста 23 колледж 88 кәсіпорынмен бірлесіп 1752 студентті 27 мамандық бойынша бірлесе дайындауда. Бұл тақырыпта депутаттарды облыстың білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова хабардар етті.

Күн тәртібінде қаралған мәселені талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті