Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Пандус салуға пейілділер көп пе?

Дата: 05 июня 2017 в 00:22

Пандус салуға пейілділер көп пе?

Өткен жұма күні Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік ғимараттардың бейімделуі және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша көшпелі жиын өткізді. Шараға облыс әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі кеңесшісі Құралай Байменова, құзырлы орган өкілдері, басқа да мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты.

Басқосудың мақсаты — мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын басшыларына мүгедек жандардың ғимараттарға кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз етуге шақыру, оларға бұның жоғарыда аталған топқа жататын азаматтарға қандай дәрежеде маңызды екенін түсіндіру. Сондай-ақ, жиналғандарға қоларбаның көмегімен қозғалатын жандарға арналған, ғимараттарға қиындықсыз ену үшін орнатылатын көтергіш құрылғыларды жасаумен айналысатын Шахан Жолдасбаевтың кәсібі таныстырылды.

— Дәстүрлі түрде өтетін бұл көшпелі жиналысқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың кеңесшісі Құралай Базарбайқызын арнайы шақырып отырмыз. Өйткені мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын бұл кісіден артық ешкім білмейді. Пандустардың қалада қалай орнатылуы керектігін, оның өзіндік талап-тәртібінен толық хабардар — осы кісі. Біз, атқарушы билік өкілдері, бүгінгі жиын арқылы пандустарды орнатудағы кемшіліктерді түзесек, бұған жауап беретін мамандарға мәселенің мәнін түсіндірсек дейміз. Себебі бұл салада белгілі бір мәселелер бар. Оны жасырғанмен, ештеңе өнбейді. Қайта бәріміз жұмыла осы олқылықтармен күресуіміз қажет. Құрылыс жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлерге пандус салу бойынша мемлекеттік стандарттарды түсіндіріп, бәрінің талапқа сай жасалуын міндеттеуне тиіспіз. Бұл іске жүрдім-бардым қарауға болмайды.

Жалпы, кез келген кәсіпкер, меншік иесі ғимараттар салғанда, мүмкіндігі шектеулі жандардың да талап-тілегін ескеруі қажет. Халыққа қызмет ететін мекеме болса, бұған тіптен мән беруі керек. Ал мемлекеттік мекемелерге біз бұны өзіміз-ақ жеткіземіз.

Бұл ретте осы салада аянбай тер төгіп жүрген, ғимараттарға пандус, басқа да көтергіш құрылғыларды салумен айналысатын Шахан Жолдасбаевтың еңбегі зор. Ол өзі секілді тағдырластарының түздегі жүріп-тұруын оңтайландырсам, одан сайын жақсартсам деп шыр-пыр боп жүр. Оны өзгелерге үлгі етуіміз керек, — деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Шаханның цехында ұйымдастырылған жиын барысында сөз алған облыс әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі кеңесшісі Құралай Байменова жыл өткен сайын тірек-қимыл жүйесі бұзылғандарға  көңіл бөлетіндер артып келе жатқанымен, пандус мәселесі күн тәртібінен түспегенін атап өтті. Оның сөзінше, шетелде бұл бойынша жұмыстар әлдеқайда ілгері басқан. Ал кәсіпкердің өзі оның кәсібіне бірте-бірте қызығушылық танытатындардың қарасы көбейгенін, қоғамның осы бір тобына қамқорлық жасаймын дегендерге риза екенін жеткізді. Сондай-ақ, өзінің жұмысының жай-жапсарын көрсетті.

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Мейіржан Қарақовтан білгеніміздей, Ақтөбе қаласы бойынша 11 мыңнан астам денсаулығы дімкәс жан бар.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями