Жасөспірімдерге қарсы қылмыс – қоғамға қауіпті қылмыс

Дата: 31 мая 2017 в 14:59 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Zakon.kz

Жасөспірімдерге қарсы қылмыс — қоғамға қауіпті қылмыс

 

 Кез келген өркениетті мемлекет өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен күшейтуді ерекше қамқорлыққа алады.

Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ана мен баланы қорғау мемлекеттің жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясатының ажырамас бір бөлігі екені атап өтілген болатын. Елбасы осы салаға қатысты заңнамаларды қайта қарауды, оның ішінде ана мен балаға қарсы жасалған қылмыстардың жазасын күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі — Балалар құқықтары туралы Конвенция бар.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды.

Адам баласының құлағына түрпідей тиетін, жыныстық зорлық-зомбылық көрсету фактілері, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс зорлау фактілерінің жиілеп кетуі қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда.

Осыған орай, педофилия қылмысының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жан-жақты шаралардың бірі — үстіміздегі жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Жыныстық қылмыстың өршуіне қаптаған жағымсыз факторлар, оның ішінде бірінші кезекте адамгершіліктің жаппай құлдырауы кері әсерін тигізуде.

 Бұдан бөлек, мұндай қылмыстардың басым бөлігі алкогольдік ішімдік ішу салдарынын жасалып жатады. «Жәбір көрген сәбилер тәрбиеленіп отырған отбасылардың төмен әлеуметтік жағдайлары да жағымсыз ахуалдың белең алуына жол ашатын факторлардың бірі болып табылады». Осы жағдайдың барлығын ғаламтор жүйесіндегі зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен порнографияны насихаттайтын құқыққа қайшы ақпараттың қолжетімділігі де барынша асқындырып бара жатыр.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылы жасөспірімдерге жыныстық қатынас жасау туралы 4 қылмыстық іс қаралған, 2017 жылдың бүгінгі күнге дейін 6 қылмыстық іс түсіп, 3 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, 3 қылмыстық іс қаралу сатысында.

2016 жылмен 2017 жылды салыстырсақ, жоғарыда көрсетілген санаттағы қылмыстық істердің көбейгенін көруге болады.

 

Ақтөбе облысының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы Дамира Садықова