Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбе қаласы аумағында 1 миллион түптен астам ағаш егіледі

Дата: 01 мая 2017 в 01:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар мекемелерді аралап, олардың жай-күйімен танысты және облыс орталығындағы көгалдандыру жұмыстарының барысын пысықтады.

Ақтөбе қаласында көшелерді көгалдандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Атап айтқанда, 2000 га аумақты қамтитын жерге гүлзарлар отырғызылады. Сондай-ақ, Сазды ауылы мен әуежай алаңы шектесетін 1000 га  аумақта жасыл белдеу алқабы пайда болады.

Қаланы аралаған облыс басшысы осы жұмыстардың жүру барысын қадағалады. Қазір көшет отырғызу жұмыстары қарқын алған.  Жалпы 1 миллион 1000 мыңға жуық қарағаш, үйеңкі, т.б ағаштарды мамыр айының 10-на дейін егу жоспарда тұр. Ең басты ерекшелік — әуедегі биіктіктен жасыл желектермен жазылған «Ақтөбе» жазуын көруге болады.

Сазды ауылының жанынан жаңа Бауырластар-4 шағын ауылы салынады.  Алдағы уақытта  осы маңайдан 30 га жер учаскесінде бірқатар тез салынатын бір қабатты үйлер тұрғызылады. Қазіргі таңда жаңадан салынатын тұрғын үйлердің магистральді және инженерлік желілерін өткізу, т.б. жұмыстары пысықталуда.

Содан соң өңір басшысы «Айболит» саяжай ұжымының тұрғындарымен кездесіп, сол жерде салынатын жаңа көпірдің жұмыс жоспарын талқылады. Тасқын салдарынан осы аумақтағы көпір бұзылған болатын. Енді жаңа көпірмен қатар, Сазды өзенінің арнасы кеңейтіліп, тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Қаланы аралау кезінде облыс әкімі  ипподромның бүгінгі жағдайын қарап шықты. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіповтің айтуынша алдағы уақытта  ат спорты мектебінің ауқымы кеңейтіледі. Ипподром мен №10 ат мектебі арасын жаңа иппотерапияға арналған ғимарат жалғайтын болады. Сонымен қатар, иппотерапияға арналған 22 ат қосымша сатып алынып, оларға арналған атқора салынады.

Бердібек Сапарбаев Қобыланды батыр атындағы орталық стадионның биылғы маусымға дайындығын да қарады. Өңір басшысы 2017 жылғы маусымға абонемент сатып алды. Сонымен қатар, футбол жанкүйерлеріне  қолайлы жағдай жəне стадионды қажетті әрлеу жұмыстарын жасау туралы облыстық спорт басқармасының басшысына тапсырма берді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті