Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

ЖҮЗІКТІҢ ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАСЫН! (ВИДЕО)

Дата: 25 апреля 2017 в 12:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ЖҮЗІКТІҢ ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРҚЫРАСЫН! (ВИДЕО)
Бүгін шет елде жүрген қазақ қыздарының туған елге деген сағынышын, мөлдіреген көздерінен осы елге жету арманын байқап, олардың Атамекенге жету арманы жайлы естіп, грантты ұтып алған мезеттегі шаттанып қуанғанын көргенде — өзім қатты сентиментальды емеспін деп ойлап жүрген, толқып кеттім.

Кезінде заман алай-дүлей болғанда, қысым толқынмен жат елге кеткен бабаларымыздың жалғасы — айналайын қарлығаштар елге қайта оралуда.

Мен сенемін, осы қайсар қарлығаштардан талай майталман өрендер шығатыны.

Қош келіпсіңдер, бауырластар!

Бұл ғажап толқыныстың барлығы бүгінгі Алматыда Қыздар университетінде Халықаралық «Ы. Алтынсарин-2017» олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.

Биыл олимпиадаға тек Қазақстан емес, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан елінің қатысушылары келді. Сол себептен тұңғыш рет республика бойынша емес, халықаралық деңгейіне шықты. Олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3 орынды иеленген оқушы таңдаған пәні мамандығына сай келген және тестілеуге қажетті өту балын алған жағдайда оқу ақысына 90% жеңілдік беретін дипломмен марапатталады.

Сол жастардын арасында сонау Моңғолиядан арман қуып келген Жүзіктің әуенінен арманның, ұшқыр ойдың лебі сезіліп тұрды.
Тамсанған көңілмен сол жерде Жүзікке «Серпін» Ұлттық қорының атынан арнайы грантын атадық.

Жұлдызың туған жерде жарқырасын дарынды қызымыз Жүзік!

Мұрат Әбенов, «Серпін» əлеуметтік жобасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері



По сообщению сайта Матрица.kz