Халыққа қызмет көрсету орталығында қаза болған ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Дата: 12 января 2017 в 10:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Халыққа қызмет көрсету орталығында қаза болған ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер шықты
Алматы облысындағы Іле аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына құжат рәсімдеуге келген тұрғын оқыстан қайтыс болған, деп хабарлайды КТК арнасы.
60 жастағы азаматтың ұзын-сонар кезекте тұрған сәтте жүрегі сыр беріпті. Алайда дереу жедел жәрдем шақыртылғанымен, марқұмды ажал аузынан арашалап қалу мүмкін болмаған. Аяғы жоқ 3-топтағы мүгедек құжат рәсімдеу үшін Боралдай кентінен ұлымен бірге келген екен.
Ал халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары марқұмның қандай жұмыспен келгенін де білмейміз дейді.
«Ол кісі бірден өзін жайсыз сезінеді. Құлаған бетте жедел жәрдем шақырттық. Өзінің жүрегі ауыратын сияқты. Қандай қызмет алуға келгенін білмейміз.Талон да алмапты», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы облыстық филиалының департамент директоры Самат Иманғалиев.
Бұған дейін ер адамның Халыққа қызмет көрсету орталығынан шыға сала көз жұмғанын хабарлаған едік.
Фото: stan.kz

По сообщению сайта Zakon.kz

Поделитесь новостью с друзьями