Қайрат Нұртас тыңдармандарына енді көзілдірігін сыйлай бастады (ВИДЕО)

Дата: 08 января 2017 в 12:22

По сообщению сайта ZhambylNews

Қайрат Нұртас тыңдармандарына енді көзілдірігін сыйлай бастады (ВИДЕО)
Қайрат Нұртас бұл жолы тыңдарманына көзілдірік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қайрат Нұртас концерттерінде тыңдармандарына үстіндегі костюмін сыйлағанды ұнатады. Әншінің жомарттығы соншалық, таныстарына үй мен көлік сыйлаған кездері де болыпты. Мұнымен қатар, ол үнемі түрлі қайырымдылық қорына ақша аударып отырады.
Бұл жолы әнші кішкене тыңдарманына өзінің көзілдірігін сыйлады. «Алла басыңа бақ беріп, үлкен биіктерден көріне бер. Ата-анаңды бақытқа жетелей бер. Қазақ халқының мақтануға тұрарлық азаматы бол», – дейді Қайрат Нұртас.

Әнші артынша бүлдіршіннің маңдайынан сүйіп, құшағына басты. Оның өзінен аумай қалғанын айтты. Ал көзілдіріктің жаңа иесінің қуанышында шек жоқ.