Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Хвастун со станции Луговая» атты пьесасының тұсаукесері өтті

Дата: 15 декабря 2016 в 08:35 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жамбыл облыстық драма театрында «Хвастун со станции Луговая» атты пьесасының тұсау кесері өтті.

Пьессаның желісі автор У.Сагинхановтың сонау бала кезінде Жамбыл облысы Луговой ауылында басынан өткізген оқиғаларға негізделіп жазылған. Автор өз шығармасында туған өлкесіне деген махаббатты, шындыққа шыңдалған ауыл өмірін суреттейді. Сол арлықы өз отанына деген жүрегінде қалып қойған сағынышын келтіреді. Оқиғаның бас кейіпкері Қонысбай ауылдан қалаға келіп темір жол училищесіне оқуға түседі де ал жаздық демалыста ауылға келеді. Ол ауыл құрдастарының алды болғанын мақтан тұтандығын жасырмай қайта олардың алдында беделін өсіру мақсатында өтірік-шыны аралас оқиғаларды қиыннан қиыстыра бастайды. Бірақ оның өтірік ауыз құрғатар оқиғалары достарын қызықтырғаны соншалық олар күндердің бір күнінде қалаға келіп оның өтіріктерін әшкерлейді. Алайда оның бұл қылығына олар еш ренжімей, қайта одан бетер қорғап-жебеп жүруді жөн көреді. Жамандық пен жақсылық қатар жүрген бұл өмірді тек ауылдық достардың кешірімі мен қолдауы сақтап қалады.

У.Сагинхановтың «Хвастун» әңгімесі халықаралық әдеби конкурстардың жүлдегері атанған туындыларының бірі. Автор У.Сагинханов бұл шығарманы Жамбыл облыстық орыс драма театрының сахнасында сахналауды ұсынған болатын. Алайда осы туындының желісін пайдалана отырып қоюшы-режиссер Бодаубаева Жамал Базарқұлқызы «Хвастун со станции Луговая» атты балама әңгімесін жазып сахналады.

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями