Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Тараз қаласында ҚР Тәуесіздігінің 25 жылдығына арналған монумент ашылды

Дата: 15 декабря 2016 в 08:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Монумент Төле би даңғылы мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан. Монументтің салтанатты ашылуына облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев, шығармашылық тұлғалар, ардагерлер мен жастар жиналды. Аталған шара барысында облыс басшысы монументке гүл шоқтарын қойып, көпшілікті алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Бұл – тәуелсіздіктің нышаны, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасатын нышан. Монументтің жоғарғы жағында «Қазақстан-2050» Стратегиясының белгісі қойылған. Тәуелсіздік – біздің жақсы өміріміздің негізі. Ұлт басшысының басшылығымен біздің ел әлеуметтік-экономикалық және саяси қиындықтарды жеңе білді, және 50 дамыған елдің қатарына енді», — деп атап өтті облыс әкімі.

Жаңадан ашылып, Тараз қаласына ерекше көрік беріп тұрған бұл монументтің биіктігі 14 метр, жоғары жағында «Қазақстан-2050» стратегиясының белгісі орналастырылған. Ал ең төбесінде қазақтың қасиетті шаңырағы белгіленген.

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями