Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақмола облысының қылмыстық істер жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық соты дөңгелек үстел өткізді

Дата: 15 декабря 2016 в 08:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақмола облысының қылмыстық істер жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Баймырзин қылмыстық процесте азаматтық талап арызды қарау сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Ақмола облысы, Көкшетау қаласы прокуратура өкілдері және облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Б.Баймырзин өз сөзінде, қылмыстық процесте азаматтық талап қоюды қарау құралы жеке азаматтардың қылмыстан зардап шеккен мүліктік мүдделерін қорғауы болып табылады. Бұл ретте оның құқығын толтыруы қылмыстық процесте азаматтық талап қоюды ұсынған жолымен жүзеге асырылады деп атап өтті сот төрағасы.

Судья С.Баймағамбетов, қылмыстық процесте азаматтық талап қоюдың институты қылмыстық құқық бұзушылықтан зардап шеккен тұлғаның бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің маңызды құралы болып табылады деп айтып өтті. Азаматтық талапты қылмыстық іспен қарау жәбірленушіге келтірілген зиянды аз уақыт ішінде өтеуге кепілдік береді, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде талап қоюды қажеттілікпен ұсынуға байланысты оған уақыт жоғалтуын болдырмауға рұқсат етеді деп судья көрсетті.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабының 5-бөлігіне сәйкес азаматтық талап қою жазбаша нысанда азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес қойылады.

Сотқа дейінгі тергеу органдары жәбірленушілерге дұрыс рәсімдеудің қажеттілігін және талап қою ұсынуды, олардың процестік құқықтарын түсіндіруге тиіс, ал өтініштер түскен кезінде, тараптарға азаматтық талап қою бөлігінде дәлелдерді алуға жәрдемдеседі.

Дөңгелек үстел жұмысын қорыта келе қатысушылар пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты және тиісті ұсынымдар әзірледі.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями