Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Жасөспірімдер мен жастардың діни сауаттылығын қалыптастыру: ағымдағы жай-күйі мен келешегі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел отырысы өтті

Дата: 11 декабря 2016 в 09:51 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


2016 жылдың 7 желтоқсанында Тараз қаласы «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мұғалімдеріне арналған «Жасөспірімдер мен жастардың діни сауаттылығын қалыптастыру: ағымдағы жай-күйі мен келешегі» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстелде Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің жоспарлау және ұйымдастыру бөлім инспекторы А. Құлымбетов «Қазақстандағы экстремизмнің алдын алудағы дәстүрлі діндердің рөлі» тақырыбында дәріс оқыды

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар назарына жастардың қоғамдағы рөлі, еліміздегі экстремистік деп танылған ұйымдардың келбеті, мақсаты және аталған ағымдардың жетегінде кетпеу амалдары туралы баяндалды. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға жауап берілді.

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями