Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Азаматтық іс кәсіби медиатордың қатысуымен қаралды

Дата: 07 декабря 2016 в 08:41 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азамат С-ның азаматша Ш-ға борышты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Ш. өз уақытында азамат С-дан жалға алған пәтердің ақысын төлемеген, сонымен қатар, жалдау ақысы және 5 айдың ішінде жиналған комуналдық қызметтерінің төлемі бойынша берешек пайда болды. Талапкердің ауызша айтылған талаптарына қарамастан, жауапкер берешекті өтеу туралы міндеттерін орындамаған.

Сотта кәсіби медиатордың қатысуымен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы талапкер мен жауапкерден өтініш түсті. Тараптар медиативтік келісімді келесі шарттар бойынша жасады: жауапкер ай сайын алты айдың ішінде талапкерге анықталған сомасын төлеуге міндеттенді және борыш сомасын мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Талапкер төлемдерді қабылдауға міндеттенді.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді. Борышты өндiрiп алу туралы азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями