Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Сот тараптарды татуластырып, медиативтік келісімді бекітті

Дата: 07 декабря 2016 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақмола облысының Астрахан аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін азамат З-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат З. бірге тұратын әйелімен жанжалдасу барысында оған былапыт сөйлеп, құрметтемеушілік көрсетіп, тұрғын-үйде тыныштықты бұзған.

Сотта тараптар татуласып, кәсіби медиатордың қатысуымен медиативтік келісім жасады.

Сот қаулысымен медиативтік келісім бекітіліп, тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями