Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жамбылда сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беруге жататын 13 ұйым анықталды

Дата: 07 декабря 2016 в 08:37 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Асқар Санатұлы мәлімдеді.

Асқар Санатұлының мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016 — 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» №1141 қаулысымен Жамбыл облысының коммуналдық меншігіндегі бәсекелес ортаға беруге жататын 22 ұйымның тізімі бекітілген болатын.

Жекешелендірудің 2016 — 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылдың 18 қаңтарындағы №6 қаулысымен жекешелендіруге және бәсекелес ортаға беруге жататын 12 ұйым бойынша шешім қабылданды (қалған 10 ұйым 2014-2015 жылдары сатылды, сенімді басқаруға берілді және таратылды).

Бәсекелес ортаға беруге ұсынылған 12 ұйымның:

2 — ұйым 2016 жылы кейіннен сатып алу құқығымен сенімді басқаруға берілді («Рауан» балаларды сауықтыру лагері» КМҚК мен «Тараз Тұрғын үй» ЖШС);

1 — ұйым 2016 жылдың төртінші тоқсанында бәсекелес ортаға беруге жатады («Таразэнергоорталығы» АҚ, бағалау құны 1861,3 млн. тенге);

1-ұйым 2017 жылы («Темір Жол-Жылу» МКК);

3-ұйым 2018 жылы (Меркі ауданының «Таза су», облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасның «Жамбыл-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен Сарысу ауданының «Көгалдандыру және көріктендіру кәсіпорны» ЖШС-і);

5-ұйым 2020 жылы («Әулие-Ата» ат спорты клубы» МКҚК, «Айша бибі» су добы клубы» МКҚК, «Қазақ күресі клубы» КМҚК, «Тараз» волейбол клубы» КМҚК, «Жамбыл бокс клубы» КМҚК).

Жекешелендірудің 2016 — 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына қосымша Денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіруге және сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі облыстық жұмыс тобының шешімімен кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беруге жататын 13 ұйым анықталды.

Оның ішінде, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының №6 қалалық емханасы 16.01.2015 жылғы өткізілген тендерде 10 жылға кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға «Жаншуақ» медицина орталығына берілген болатын, — деп баяндады басқарма башысы.

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями