Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жамбыл облысының от жауынгерлеріне жаңа техника табысталды

Дата: 07 декабря 2016 в 08:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметі гарнизонда өзіндік маңызды рөл атқарады. Жалпы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің автотехникасы жалпы 106 дананы құрайды, оның ішінде 44 данасы пайдалану мерзімі 20 жылдан асқандар болып саналады. Сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша автотехникалардың жалпы жарақтануы 26,9 % құрайтындығын атап өткен жөн.

Осыған орай, 2016 жылдың 5 желтоқсанында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ермек Жамбылұлы Момбаев жаңа өрт сөндіру техникасының кілті мен құжаттарын ел игілігіне пайдалану үшін Тараз қ. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Қайрат Қойбақовқа шағындалған салтанатты түрде табыс етті.

Автоцистерна пожарная модели КамАЗ 43118 АЦ 8-70-7 шассиіндегі 4678 үлгісіндегі НЦПН-70/100 сорғысы бар Өрт сөндіру автоцистернасы төмендегідей сипатталады:

  • Өртті өрт сөндіру құралдарымен сөндіру;
  • Өрт орнына жауынгерлік есеп пен өрт-техникалық жарақтарын және қордағы өрт сөндіру құралдарын жеткізу;
  • Жоғары қысымды жең арқылы су мен ауа-механикалы көбікті төменгі және орта дәрежеде, сондай-ақ өрт ошағын сөндіру барысында лафетті оқпанынан, көбік генераторынан, қол оқпанынан беруге арналған.

Автоцистерна көбік багындағы көбіктүзгіш заборымен немесе өзге резервуардан және су құбыры жүйесінен, я болмаса цистернадан забормен су алу мақсатында өзіндік бір жауынгерлік құрал ретінде пайдаланылады.

Автоцистерна климаты айтарлықтай 40 С градус төмен немесе 40°С. градус жоғары ауа температурасындағы аудандарда пайдалану мақсатында көзделген. Жүргізушіні қоса алғанда жауынгерлік есеп саны 7 дананы құрайды.  

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями