Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Құнанбай» фильмінің авторлары мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Дата: 07 декабря 2016 в 08:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа қазақтың ұлы ойшылы Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбайұлы туралы түсірілген «Құнанбай» фильмінің шығармашылық тобы лайық деп танылды.

Жарлыққа сәйкес, фильмнің режиссері және сценарий авторларының бірі – Досхан Жолжақсынов, қоюшы-суретшісі – Рустам Одинаев, және актерлер – Айдос Бектемір мен Нұрсифат Салықова Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері атанды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында еңбегіміздің бағаланып жатқаны қуантарлық жағдай. Бұл тек қана менің емес, бүкіл түсіру тобының жемісі. Осы орайда, Қазақстан кинематографистер одағының мүшелеріне, «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлеріне, осы фильмге қолдау көрсеткен барлық азаматтарға басымды иіп, рахметімді айтамын, — деді режиссер. Осыған дейін 1996 жылы Досхан Жолжақсынов «Індет» қойылымында сомдаған рөлі үшін тұңғыш Мемлекеттік сыйлықты иеленген болатын.  

Сондай-ақ, премия «Мәңгілік Ел» монументі үшін Иманғали Тасмағамбетовке, Сағындық Жамболатовқа, Мұрат Мансұровқа, Нұрлан Далбайға; «Әй, дүние-ай!» романы үшін жазушы Бексұлтан Нұржекеевке; Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздікке тарту» атты циклды жұмысы үшін суретші Камиль Муллашевқа беріліп отыр.

«Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы» жарлық Елбасы әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған. Бұл жарлық ресми жария етілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық әдебиет және өнер қайраткерлері үшін қоғам мен мемлекет алдындағы ең жоғарғы марапат болып саналады. Мемлекеттік сыйлық ҚР азаматтарына екі жылда бір рет отандық мәдениеттің дамуына үлес қосқаны үшін өнер және әдебиет адамдарына беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, «Құнанбай» тарихи көркем фильмі былтыр қыркүйек айында прокатқа шықққан. Осы жылдың қыркүйек айында Ресейдің Липецк қаласында өткен XII Халықаралық мұсылман кино фестивалінің негізгі байқауында көрсетілген болатын. 

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде аталмыш фильм  Ұлттық кинематография өнері және ғылымы академиясы тағайындаған  «Тұлпар» ұлттық киножүлдесімен марапатталды.  Басты  рөлді сомдаған актер Досхан Жолжақсынов «Ең үздік ер адам рөлі» жүлдесімен, фильмнің композиторы  Төлеген Мұхамеджанов «Фильмнің ең үздік музыкасы» жүлдесімен, ал картинаның қоюшы суретшісі Рустам Одинаев «Ең үздік суретші-қоюшы жұмысы» жүлдесімен марапатталды. Сонымен қатар, марқұм Таласбек Әсемқұлов және Досхан Жолжақсынов жазған фильмнің сценариі үздік деп танылды.  

Ал жақында тарихи кинотуынды Уфа қаласында қазан айында өткен «Күміс Ақбозат» атты ІІІ Халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы «Ұлттық рух» жүлдесімен марапатталған болатын.  

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями