Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жамбыл облысы қос мерекені атап өтуде

Дата: 07 декабря 2016 в 08:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен тұғырылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған іс-шаралар легі басталды.

Тұңғыш Президент саябағында Ту көтеру рәсімімен басталған жиын джип тур автоэкспедициясымен жалғасты. Бұл джип турды Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойын дәріптеу және облыстың туристік әлеуеті мен Жамбыл облысының көрнекті, көркем орындармен қонақтарды таныстыру мақсатында ұйымдастырған.

«Аталған джип тур Тараз қаласынан бастау алып, облыстың 5 ауданын, атап айтқанда Жамбыл, Байзақ, Т. Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарын аралайтын болады. Автоэкспедицияға 16 джип көлігі мен 50 адам қатысады деп жоспарлануда, оның ішінде зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер  мен студенттер бар», — дейді «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» туризм бөлімінің басшысы Қажы Жомарт Жайнақұлы.

Бұдан өзге бүгін Тараз қаласында жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті. Ол жүгіріске қатысушылар «ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан» бастап, «Достық» орталық алаңына дейінгі қашықтықты жүгіріп өтулері тиіс. Аталған шараға қала және облыс тұрғындары арасынан 1500-ге жуық адам қатысты.

Айта кетейік, автоэкспедиция 2 күнге созылмақ. Ол Тараз қаласының негізгі көшелерінен жүріп өтіп, жоспарланған бағыт бойынша аудандарға сапарға шығады. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпарат агенттігі  хабарлайды.

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями