Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбе Тұңғыш президент күнін салтанатты түрде атап өтті

Дата: 06 декабря 2016 в 17:46 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған «Менің елбасым» салтанатты шарасы «Салтанат Сарайы» мейрамханалық кешенінде өтті.

Мерекелік шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлері, бірлестік өкілдері, кәсіпорындар мен мекемелер, оқу орындары және тағы басқалар қатысты.

Мереке бағдарламасы елдің басты жетістіктері мен Елбасының көрнекті рөліне арналған театрланған бөлімдерден тұрды. Олардың қатарында ҚР Тәуелсіздігі деклорациясы мен мемлекеттік рәміздерді қабылдау, ұлттық валютаның енгізілуі, ядролық қарудан бас тарту, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, «Қазақстан-2030» стратегиясы, «Ұлы дала елі – мәңгілік ел» ұлттық идеясы, еліміздің дүние жүзілік аренадағы, сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктері мен тәуелсіз Қазақстан үшін маңызды оқиғалар және Ұлт көшбасшысының бастамалары бар.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жүрек жарды құттықтаулар, республика үшін жасаған еңбектері үшін алғыс сөздер айтылды.

Тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жетістіктердің барлығы да Тұңғыш Президенттің еңбегі.

Мерекенің жабылуында жастардың патриоттық флеш-мобы орындалып, өңірдің әншілері мен шығармашылық ұжымдары, сонымен қатар отандық танымал «Жігіттер» тобы ақтөбеліктер үшін концерт қойды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями