Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Жаухар» картиналар галереясы сыйға картиналарды беруде

Дата: 22 ноября 2016 в 13:07 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы, 2016 жылдың 21 қарашасы – Мәскеу түбіндегі соғыстың және қазақстандық-жауынгерлер ерліктерінің 75-жылдығына орай, Әскер үйінде өткізілген панфиловшы-батырларға арналған салтанатты іс-шарада қолбасшының немересі Байқадамова Алуа «Жаухар» көркем сурет галереясынан «Генерал Панфиловтың қызының портретін» сыйға алды.

Осы Мәскеу түбіндегі соғыстың қарсаңына арналған іс-шарада «Жаухар» жеке коллекциясы қорынан қазақстандық суретшілердің үш картинасын генерал Панфилов қорына табыс ету – бұл біздің халқымыздың Ұлы Ерлігіне деген тағзым болып саналады. Қорға 316-шы қызыл тулы, Ленин орденді, Суворов орденді гвардиялық дивизияның аңызға айналған қолбасшысы – Кеңестер Одағының батыры, генерал-майор Панфилов Иван Васильевичтің есімі берілген. Соғыстан кейінгі уақытта жазылған бұл сурет туындылары тек ардагерлердің батырлығын ғана көрсетіп отырған жоқ, сонымен қатар, бұл ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан біздерге, осы бейбітшіліктің бағасының қаншалықты болғанын еске салатын мұра болып табылады.

Біз қантөгіс соғыстың отынан өткен, жеңіске жеткен, майданда соғысқан және тылда аянбай еңбек еткен, концлагерлерде болған және қоршауда аштықты бастан өткерген өз батырларымызды ұмытпауымыз керек. Біз, бүгінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері деп аталатын тұлғаларымызды есте сақтауға тиіспіз.

«Осы картиналарды сыйға тарту – бұл өткенге, өнерге деген жауапты, әрі саналы іс-қимылдың белгісі ғана емес, сонымен қатар жеке галереяның генерал Панфилов қорынмен жақсы ынтымақтастықта екендігінің дұрыс өнегесі», — дейді Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, өнертанушы, «Жаухар» картиналар галереясының кураторы Ольга Батурина. Әлеуметтік серіктестік – бұл творчестволық және қоғамдық бастамалармен өзара әрекеттесудің негізгі механизмі болып табылады және оны қалыптастыру ҚР қазіргі мәдениетінің ең басты міндеттерінің бірі болып отыр. Әлі де жеке бастамалар мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекеттерінен басым болып келе жатыр.

По сообщению сайта Новости пресс-служб