Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Cultural Dialogue творчестволық бастамалар орталығы» қоғамдық қоры тағы да арт-менеджерлердің басын қосуда

Дата: 19 октября 2016 в 12:17 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы, 2016 жылдың 17 қазаны – Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорымен ұйымдастырылған «ЖасStar» творчестволық жастардың VII халықаралық фестивалі шеңберінде, «Cultural Dialogue творчестволық бастамалар орталығы» қоғамдық қоры «Творчестволық жобаларды танымал етудің 10 PR-қадамы» тақырыбы бойынша 60 арт-менеджерлерге арналған арнайы мастер-класс өткізді.

Қазіргі таңда, әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, арт-менеджерлер сұрынымы жоғары мамандықтардың бірі болып табылады. Себебі дамыған елдер мәдениетті жеке индустрия ретінде, сондай-ақ, ел экономикасының бір бөлігі ретінде қарастыра бастады. Әлем бойынша мәдениет дегеніміз еңбекпен қамтудың, әсіресе жастарды еңбекпен қамтудың, табыстың және экономиканы диверсификациялаудың басты көзіне айналуда. Мәдени және креативтік индустрияның айналымы 1,3 триллион доллларды құрап отыр, ал бұл әлемдік жалпы өнімнің 4,5 бөлігі және мұның жыл сайынғы өсімі 10%-ға болжануда.

Қазақстанда көптеген таланттар мен творчестволық жобалар бар, бірақ кәсіби тұрғыдан насихатталып, дамытылмағандықтан, нарықта оларға деген сұраныс жоқ. Осыған орай «Cultural Dialogue творчестволық бастамалар орталығы» ҚҚ арт-менеджерлер мен осы мамандыққа оқып жатқан студенттердің біліктілігін арттыру мен үйретуге арналған ұзақ мерзімді бағдарлама жасады.

Cultural Dialogue қорының директоры Мамбетова Жаннаның айтуы бойынша: «Өнер туындысының жетістілігінің 50 пайызы оны жасаушының талантына байланысты болады. Қалған 50 пайызы, оны әлемге таныстыратын арт-менеджердің таланттылығына тиесілі. Егер де сіз өз қойылымыңызды, көрмеңізді немесе өзге де творчестволық жобаңызды көрермендерге ұсыну үшін барлығын жасап қойдым деп ойлайтын болсаңыз, сіз қателесесіз. Бұл атқарылуға тиіс жұмыстардың бір бөлігі ғана. Көрермен – клиент, творчество – өнім. Сізге және сіздің творчествоңызға сұраныс тудыруға тырысу керек».

«Творчестволық жобаларды танымал етудің 10 PR-қадамы» мастер-классы Cultural Dialogue қорының мамандарымен және шақыртылған спикерлермен бірге жасалды, соңғылары мәдени жобаларды танымал етудің нақты бірқатар қазақстандық жұмыстарымен бөлісті.

КАЗКОМ-нан келген Сатпаева Гаухар банк пен Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының біріккен жобасы туралы жұмыспен бөлісті. «Almadeniet» қоғамдық қорынан келген Ли Дарья музыкалық аспаптар мұражайының PR-қызметі туралы, сондай-ақ сәтті өткізілген «Мұражайдағы түн» жобасы туралы да айтып берді. Мамбетова Жанна «Жаухар» картиналар галереясын танымал етудің құралдарын көрсетті. Cultural Dialogue қорының маманы Жанибекова Шынар қатысушыларды PR-шаралардың негізгі қағидаларымен, сондай-ақ әлемдік тәжірибемен де таныстырды.

По сообщению сайта Новости пресс-служб