Еліміздегі ең алғашқы әйел-генерал Сауле Айтпаева Ақмола облысының құрметті азаматы атанды

Дата: 21 июля 2016 в 08:51 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Бүгін алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы барысында Ақмола облысының әкімі С.Кулагин елеміздегі ең алғашқы әйел-генерал — Сәуле Айтпаеваға салтанатты түрде «Ақмола облысының құрметті азаматы» белгісі мен куәлігін тапсырды.

Өңір басшысы Қазақстан Республикасының ең алғашқы генерал атағын алған әйелдің біздің облысымыздан шыққандығына қуанатындығын тағы да қайталады. « — Ақмола облысынан мықты азаматтардың шығып жатқаны қуанышты. Олардың ішінде алғашқы әйел-генералдың біздің облыстан шығуы ерекше мақтаныш сезімін тудырады. Жақында ғана біз Жақсы ауданынан шыққан дарынды спортшы Дина Жоламанға да құрмет көрсеттік. Енді міне Сәуле Мұханбедианқызы облыстың құрметті азаматы атануда. Біз сіздермен мақтанамыз. Бүгін туған өлкеңіз сізді кезекті қуанышыңызбен құттықтайды! Жаңа жетістіктерге жете беріңіз», — деді әкім.

Өз кезегінде Сауле Айтпаева өңір басшысына алғысын білдірді.

« — Ақмола облысы — менің туған өлкем. Мен осы жерде дүниеге келдім, осы жерде балалық шағым өтті. Бұл жерде менің ата-анам өмір сүрді. Бүгінгі күні менің алдымдағы ең басты мақсат – шама-шарқым келгенше жеріме, халқыма, жалпы еліме адал қызмет ету. Мен өзімді осындай биікке көтерген жерлестеріме ризамын, сый-құрметтеріңізге рахмет! Сіздердің достық ниеттеріңіз мен үшін ең қымбат дәреже» — деді Сауле Мұханбедианқызы.

Еске сала кетейік, Сәуле Айтпаева Ақмола облысының Жақсы ауданында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын Жақсы аудандық прокуратурасының кеңсе меңгерушісі болудан бастаған. Жоғары білім алғаннан кейін аудандық прокуратураның тағылымдамашысы болудан бастап республикалық ведомстволардың басшысы дейінгі лауазымдық сатыдан өткен. 2012 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетін басқарады.

Ерен ерлігі үшін «Қазақстан Республикасы прокуратура саласының үздік қызметшісі» атанған, «Даңқ» орденінің және өзге де мемлекеттік биік марапаттардың иесі.