Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Iске қатысатын тұлғалардың және өкiлдердiң сот отырысына келмеуінің салдары

Дата: 02 июня 2016 в 17:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 196-бабына сәйкес іске қатысатын тұлғалар сот отырысына келмеу себептерi туралы сотқа алдын ала хабарлауға және осы себептердiң дәлелдi екендiгiне дәлелдемелердi ұсынуға мiндеттi.

Iске қатысатын тұлғалардың қайсыбiрі сот отырысына келмеген жағдайда, олардың тиiстi түрде хабарландырылғаны туралы мәлiметтер жоқ болса, iстi талқылау кейiнге қалдырылады.

Егер iске қатысатын тұлғалар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабарландырылса, олардың келмеу себептерi тек дәлелдi деп танылған жағдайда ғана сот iстi талқылауды кейiнге қалдырады.

Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабарландырылған iске қатысатын тұлғалардың қайсыбiрi келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептерi дәлелсiз деп танылса, сот iстi қарауға құқылы.

Сот істі сырттай iс жүргiзуде қарауға құқылы.

Тараптар соттан iстi олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешiмнiң көшiрмелерiн жiберу туралы жазбаша нысанда өтiнуге құқылы.

Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылған iске қатысатын тұлға өкiлiнiң келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды. Талап қоюшының, жауапкердің не үшінші тұлғаның өтінішхаты бойынша оның өкiлiнің сот отырысына дәлелдi себеппен келмеуiне байланысты сот iстi талқылауды кейiнге қалдыруы мүмкін.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі