«Қазақстан Республикасы Судьялар одағының» Ақмола филиалы Жеңіс күні құрметіне өткізілген спорт жарыстарының қорытындысын шығарды

Дата: 13 мая 2016 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Отан қорғаушылар және Жеңіс күні құрметіне өткізілген салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Ақмола филиалының төрағасы Б.Баймырзин спорт жарыстарының қорытындысын шығарды. Жарыстардың жеңімпаздары Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мини-футбол бойынша 1-орынды Ақмола облыстық сотының судьялар командасы иеленді.

Волейбол бойынша 1-орынды Ақмола облысының аудандық соттарының командасы иеленді.

Дойбы бойынша ер адамдар арасында 1-орынды Көкшетау қалалық сотының судьясы А.Жұмабеков, әйелдер арасында 1-орынды Ақмола облыстық сотының судьясы Р.Ертаева иеленді.

Шахмат бойынша ер адамдар арасында 1-орынды Егіндікөл аудандық сотының төрағасы Б.Жәзит, әйелдер арасында 1-орынды Ақмола облыстық сотының судьясы С.Қияшева иеленді.

Үстел теннисі бойынша ер адамдар арасында 1-орынды Ақмола облыстық сотының судьясы Р.Даминов, әйелдер арасында 1-орынды Ақкөл аудандық сотының судьясы С.Қашқынбекова иеленді. Сонымен қатар, белсенді қатысқаны үшін қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Ж.Бердіғұлова марапатталды.

Бильярд бойынша 1-орынға Целиноград аудандық сотының судьясы Ж.Теміров ие болды.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

По сообщению сайта Новости пресс-служб