Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Екібастұзда көп балалы ана сәнді жазғы етіктер тоқып, табыс табуда

Дата: 05 мая 2016 в 11:09


Екібастұзда бес бала тәрбиелеп отырған Гүлбақыт Сансызбайқызы ілгекпен ыңғайлы әрі сәнді жазғы етік тоқумен айналысып, табыс тауып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

— Етік тігу үшін ептілік пен шыдамдылық керек. «Ерінбеген етікші болады» деп бекер айтпаса керек. Бұл іспен айналысуды биылғы жылдың көктемінде бастаған едім. Бүгінде тұрғындар тарапынан тапсырыс толастар емес. Тіпті, үлгермей жатырмын. Бір-екі күннің ішінде қос етікті тігіп шығуға болады. Қыз-келіншектерге арналған етік 4500 теңгеден болса, балаларға арналған аяқ киім 2500 теңгеден сатылады. Қажет шикізатты Алматы қаласынан тапсырыс арқылы аламын. Басында жолдасым бұл іспен айналысуыма қарсылық білдірген болатын. Алайда қолдан бұйым тоқу отбасындағы шаруа мен бала тәрбиесіне еш кедергі тудырмайтындығына көзі жеткен соң, қолдау танытатын болды. Бұған қоса, үйде отырып жұмыс жасау өндіріс шығыстарын біршама қысқартып, қосымша табыс табуға мүмкіндік береді, — дейді шебер.

Мектеп қабырғасында жүріп тоқымамен айналыса бастаған Гүлбақыт Сансызбайқызы аяқ киімге түрлі өрнек салуды ғаламтор арқылы үйренген. Үйде отырып өз ісін дөңгелетіп отырған ана бас киімдер мен сөмке, түрлі әшекей бұйымдар да жасайды. Оның жұмыстарының арасынан Adidas логотипі бар спорттық аяқ киімдерді де кездестіруге болады. Болашақта тоқымашы шеберлігін шыңдап, өз кәсібінің көкжиегін кеңейту арқылы отандық етіктер шығаруды армандайды.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:pavlodarnews.kz.


По сообщению сайта Zakon.kz