Мәжіліс депутаттары ақтөбеліктерге «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын түсіндірді

Дата: 05 мая 2016 в 08:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Новости пресс-служб

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын түсіндіру мақсатында Ақтөбеге ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов, Сергей Симонов, Дания Еспаева, Мұхтар Ерман, Асылбек Смағұлов, Құралай Қаракен, сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты департаментінің директоры Жігер Қалиев келді.

Сапардың негізгі мақсаты «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын түсіндіріп, насихаттау. «Мәңгілік ел» патриоттық акті осы жылы сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясында қабылданған болатын. Құжатта Мәңгілік Елдің жеті негізі бекітілген, олар жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім, зайырлы мемлекет және жоғарғы руханият, инновациялар негізіндегі тұрақты экономикалық өсім, жалпы еңбек қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, ұлттық қауіпсіздік пен жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге Қазақстанның атсалысуы.

2012 жылы Мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан 2050» Стратегиясын айқындап, «Мәңгілік ел» патриоттық актін қабылдау жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл тапсырма Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-ші сессиясында орындалды. Қазіргі қиын кезеңде, жаһандық тұрақсыздық кезеңінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасына бірігуге шақырамын. Тұрақтылық пен келісім кез келген уақытта, кез келген қоғамда маңызды дейміз, олар әсіресе қазіргі қиын шақта аса маңызды, — деп атап өтті «Ақтөбе ақпарат» орталығында журналистермен болған кездесуінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов.

Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары тек облыс орталығының тұрғындары және түрлі ұйымдардың жұмысшыларымен кездесіп қана қоймай, облыс аудандарын да аралайтын болады. 5 мамыр күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ақтөбе облысының 7 ауданын аралайды, олар Хромтау, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Шалқар және Қобда аудандарында болады. Кездесу барысында ақтөбеліктер өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, қызықтырған сауалдарын қоя алады.