Алматыдағы «Жаңа өмір» діни бірлестігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Дата: 29 марта 2016 в 13:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматы қаласының ішкі істер органдарына «Алматы қаласының «Жаңа өмір» Вера Евангельскаяның Христиан шіркеуі» діни бірлестігінің үш мүшесінен жергілікті бірлестіктің пасторларының алаяқтық жолмен ірі көлемде ақшалай қаражат, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді иемденгені туралы шағым түскен. 2015 жылдың 29 шілдесінде Алматы қаласының ІІД-де «Алматы қаласының «Жаңа өмір» Вера Евангельскаяның Христиан шіркеуінің» жергілікті діни бірлестігі басшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3 бөлігінің 1-тармағы (ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, қазіргі кезге дейін жалғасуда, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА, Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйеніп.

Куәлар мен жәберленушілердің жауаптары мен түсініктемелерін тексеру мақсатында сот сакциясы бойынша аталған бірлестіктің қаржы құжаттары сақталатын орындарды тінту жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде заттай айғақтар табылып, процессуалдық негізде тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Фото:kaztv.kaztrk.kz


По сообщению сайта Zakon.kz