Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жазда Қазақстанға келетін ресейлік туристер саны 200 мың адамды құрайды

Дата: 28 марта 2016 в 11:39 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Zakon.kz


Жазда Қазақстанға келетін ресейлік туристер ағыны 200 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлады ҚазАқпарат, «Коммерсантъ» жариялаған мақалаға сілтеме беріп.

Басылым жүргізген сауалнама нәтижесінде мәлім болғандай, туристердің алдағы маусымда ең көп баратын жері Абхазия болмақ. Жазда Абхазияға 1, 5 млн ресейлік барады деп жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Грузияға, «Дельфин» компаниясының бағалауынша, осы жазда Ресейден 200-300 мың турист қатынамақ. Қазақстанға 100-200 мың, Қырғызстанға 100 мың, Өзбекстанға — 50 мың, Тәжікстанға — 30 мыңға жуық турист барады деп болжануда.

Нарық қатысушылары атап өткендей, бұрынғы Кеңес Одағы республикаларына Мәскеуден ғана емес, Ресейдің басқа да ірі қалаларынан сұраныс артқан. «Түркияға жол жабық, халық басқа демалыс орындарын іздеуде», — деді «Связной Трэвел» компаниясының директоры Алексей Дорош.

Фото: tr-kazakhstan.kz