Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай ақын туралы фильм көрерменге жол тартады

Дата: 15 февраля 2016 в 13:39 Категория: Новости культуры

Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай ақын туралы фильм көрерменге жол тартады

Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан» телеарнасы ақынның өмiрi жайлы 4 сериялы тарихи драма әзірледі. Фильм ақынның туған күні – 28 ақпанда көрермен назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Фильмде Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы мен өмірлік жолы толықтай көрсетілген. Жамбыл Жабаев – көп қырлы ұлы тұлға. Оның ақындығын былай қойғанда, жыр алыбы айрықша суырып салма шешендігімен танымал. Жамбылдың поэзиясы әрдайым қарапайым халықпен байланысты болған. Экранда тек қана тарихи кейіпкердің өмірбаяны емес, сонымен қоса ХХ ғасырдың ортасындағы еліміздің сол дәуірдегі көрінісі көрсетілген. Сонымен қоса, фильмде бұған дейін көп айтыла қоймаған ұлы тұлғаның өмірінен алынған қызықты деректер көрсетілген. Соның бірі – Жамбыл мен Бұрымның бір біріне деген махаббаты».

Телесериалдың негізгі көріністері табиғаты әсем Алматы облысының «Үшқоңыр» баурайында, Жамбыл облысы мен Мәскеуде түсірілді.

Фильмнің шығармашылық тобы басты рөлді сомдайтын актердi көптеген танымал актерлердің ішінен iрiктедi. Нәтижесінде Жамбыл рөлі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, актер, әнші, композитор, драматург – Байғали Есеналиевке бұйырды. Оның айтуынша, ұлы тұлғаның бейнесін экранда сомдау оңай емес, себебі түсірілім кезінде салмақ бас кейіпкерге түседі.

Фильмнің режиссері – «Лавэ», «Жеңіс семсері», «Қазына» және тағы басқа кинотуындыларды түсiрген Әнуар Райбаев.

«Біздің мақсатымыз – Жамбыл атамыздың «адами» тұлғасы мен қадір-қасиетін көрсетіп, абыройын көкке өрлету», — дейдi Ә.Райбаев.

Картинада сонымен қатар Айгүл Үлкенбаева (Дина Нұрпейісова), Ілияс Тұрманов (Лаврентий Берия), Әйгерім Сәменова (Күләш Бәйсейітова), Жоламан Әміров (Жабай), Ергенбай Әбуев (Сүйінбай), Нұрбек Мұқыш (Кенен Әзірбаев), Боранбай Молдахметов (Мұхтар Әуезов), Қанат Жүнісов (Сәкен Сейфулин), Кентай Ақүрпеков (Темірбек Жүргенов), Бақыт Беделхан (Бауыржан Момышұлы) мен тағы да басқа танымал актерлер ойнайды.

Фото:massaget.kz


По сообщению сайта Zakon.kz