Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астана локомотив пайдалану депосының бригадасы қырағылық танытқаны үшін марапатталды

Дата: 26 января 2016 в 13:45 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана локомотив пайдалану депосының машинисті Марат Сәттібаев пен машинист көмекшісі Дәурен Рахымжанов темір жолдағы апаттың алдын алды.

Атбасар – Абыр өткелінде локомотив бригадасы локомотивтің бірінші вагонындағы ақауды анықтады. Машинист шұғыл әрекет етіп, жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін бәсеңдетті. Істен шыққан вагон Ирченко станциясында құрамнан ажыратылып, пойыз Астанаға жөнелтілді.

Бұл күні қатты жел тұрып, боран борады. Бірақ машинистер бірінші вагонда ақау барын бірден аңғарған.

«Біз вагонның рельстен шығып кетпеуі үшін бар әрекетті жасадық. Өйткені бір вагонның артынан құрамның қалған 73 вагоны жолдан шығып кету қаупі бар. Онда байланыс желісі істен шығып, теміржол табанына зақым келеді. Сонымен қатар аталған учаскіде жүк және жолаушылар қозғалысы тоқтар еді», — деп Марат Саттыбаев болған жайды баяндады.

Машинистің темір жолда қызмет қылғанына биыл 7 жыл болды. Профтехмектепті мектепті аяқтағаннан соң машинист көмекшісі болып еңбек еткен. Соңғы екі жылда машинист қызметін атқарып келеді.

Машинист көмекшісі Дәурен Рахымжанов депода төртінші жыл жұмыс жасауда. Өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтын теміржолшылар әрдайым білімдерін жетілдіру үстінде.

«Мұндай төтенше жағдайларды біз депода жүргізілетін техникалық сабақтарда жиі қарастырамыз. Сондықтан шұғыл әрекет ету керектігі жадымызда жатталып қалған», — деді М.Сәттібаев.

«Локомотив бригадасы дер кезінде ақауды анықтады. Дұрыс шешім мен тез әрекеттің арқасында қауіпті апаттың алдын алды», — деп Астана локомотив пайдалану депосының директоры Мақсұт Ибраев өз ойын білідрді.

Машинист М.Сәттібаев пен оның көмекшісі Д.Рахымжанов қырағылық танытып, апаттың алдын алғандығы үшін Астана локомотив пайдалану депосының басшылығы атынан алғыс хат алып, ақшалай сыйақымен марапатталды.  

По сообщению сайта Новости пресс-служб