Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ШҚО Бірлік күні ұйымдастырылған салтанатты шеруге 15 мыңнан астам адам қатысты

Дата: 02 мая 2015 в 10:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлік күніне орай, Өскемен қаласында 15 мыңнан астам шығысқазақстандықтың қатысуымен «Мен Қазақстанның патриотымын» салтанатты шеруі болып өтті, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Бірлік күнін ШҚО жұртшылығы барлық аудан, ауыл-аймақтарда өзіндік сән салтанатымен атап өтуде. Ал облыс орталығының тұрғындары дәл осы күні ел бірлігіннің айқын белгісін көрсетті. 15 мыңнан астам өскемендік Астана көшесінен бастап Республика алаңына дейін «Мен Қазақстанның патриотымын» салтанатты шеруін ұйымдастырды. 5518 әскери бөлімінің оркестрі бастаған салтанатты шеруге әртүрлі этономәдени бірлестіктердің өкілдері, байкерлер мен «Бипэк Авто» автокөліктер тізбегі, «Казцинк» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, «Өскемен ТМК», «Азия Авто» АҚ сынды 88 кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысшылары, мемлекеттік мекемелердің, ЖОО және колледж студенттері, қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Бұдан соң шеруге қатысушылар Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай аспанға 20 көгершін мен 20 мың шар ұшырды. Бірлік күні мерекелік концертке ұласып, достықты ту еткен өнерпаздар Шығыс жұртшылығын ән-биімен қуантты. Жиналған халықты Бірлік күнімен облыс әкімі Даниал Ахметов құттықтады.

– Еліміздің баға жетпес басты байлығы – берекесі мен бірлігі жарасқан, татулық пен келісімнің туын тіккен көпұлтты халқы. 1 Мамыр – Қазақстан халқының мызғымас достығының, Отанға деген мәңгілік махаббатының мерекесі! Бүгінгі мейрам – кемеңгер Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының салтанатты көрінісі. Сіздерді Қазақстан Халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! – деді аймақ басшысы.

По сообщению сайта Новости пресс-служб