Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Меруерт Түсіпбаева өміріндегі еркектер туралы кітап жазып жатыр

Дата: 06 марта 2015 в 13:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Меруерт Түсіпбаева өміріндегі еркектер туралы кітап жазып жатыр

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева  соңғы кездері психологтың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Осы уақытқа дейін серік еткен спортты әнші тастапты.

«Сыртқы келбетіме де көңілім толмай жүр. Бірақ, диета ұстауға, бимен айналысуға да ынтам жоқ», — дейді халық әртісі. Тіптен көптеген түсірілімдер мен шақыртуларға да бармай жүр екен. Қазақстан халық әртісі NUR.KZ тілшісіне қиын жағдайда қалғанын баяндады.

Меруерт Түсіпбаева ұлы Нұрғисаға таңғы ас әзірлеп жатыр. Ол әдетте сүттен ботқа дайындап, түрлі көкөністерден шырын жасап береді екен.

Әнші соңғы кездері ештеңеге құлқы болмай жүргенін жасырмайды. Кейде түс ауғанша ұйықтап, өзіне қоңырау шалғандарға жауап та бермей қояды екен. Ол мұндай жағдайға түсуіне «бір мәселенің пайда болуы себеп болды» деп ғана жауап берді. Ашық айтқысы келмеді.

Кей күндері ұлы Нұрғисаға түрлі көкөністерден шырын әзірлеп бергенді ұнатады.

Нұрғисаны мектебіне жіберген әнші өзі де сабағына асығады. Түсіпбаева ҚМҚПУ-де вокалдан шәкірт тәрбиелейді.

«Вокалдан сабақ берудің өзі үлкен күшті талап етеді. Әр бір студентіме жанымды салып үйретемін деп айта аламын», — дейді Түсіпбаева.

Әншінің табынушылары да аз емес. Бірі суретін салса, басқалары етін асып үйіне отбасылық мерекесіне жиі шақырады екен. Мұндай сәттер өнер адамының басты проблеманы ұмытуына  айтарлықтай септігін тигізері рас.

Әнші сұлулық салонында тырнағын сәндеп отыр.

Сахнаға шығар алдында Түсіпбаеваның шашын «Кешью» тобының әншісі Жұлдыз Өмірғали сәндеп жатыр.

Әнші телеарналардың біріндегі түсірілімге қатысуда.

Меруерт Түсіпбаева «Менің еркектерім» деген кітап жазып жатқанын айтқан еді. Оны да қолына алмағалы көп болыпты. Бұл кітапқа байланысты журналистердің таратқан мағлұматына көңілі толмапты.

«Менің еркектерім» деген орыс тілінде айтылғанда дұрысырақ, жағымды естіледі. Ал біздің қазақ тілді журналистер алды да оны мазақ еткендей етіп түсіндірді халыққа. «Менің еркектерім» деген эссе жанырындағы шығармам, ол менің сүйіктім болған азаматтар жайлы емес. Менің өмірімде орын алған ер азаматтар жайлы. Ол менің әкем, ағам, інім, балам жайлы еді негізінен», — дейді әнші.

По сообщению сайта Nur.kz