Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Павлодарда қызының еміне ақша таппаған отбасы жалғыз пәтерін сатуға мәжбүр

Дата: 21 января 2015 в 12:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Павлодарда қызының еміне ақша таппаған отбасы жалғыз пәтерін сатуға мәжбүр
Қызын ауыр дерттен аман алып қалғысы келетін павлодарлық отбасы мейірімді жандардан көмек сұрауда. Бір жас сегіз айлық Арай Қанашқа отандық дәрігерлер «ретинобластома» диагнозын қойған деп хабарлайды КТК арнасы.

Бір көзінен қатерлі ісік табылған бүлдіршінге дәрігерлер оның орнына протез салыпты. Алайда, қатерлі ісік сәбидің екінші жанарына шапқан. Ақ халаттылар енді баланы шетелдік дәрігерлердің қолына жіберуге кеңес беруде. Бірақ бұған қомақты қаражат қажет. Әбден қысылған отбасы қызының амандығы үшін жалғыз үйлерін сатудан басқа амал таппай отыр.

Кішкентай Арай үшін аурухана екінші үйге айналғандай. Өйткені сәби бүгінге дейін талай емхананың табалдырығын тоздырған. Ақсулық дәрігерлер баланың жанарындағы жамылғыны тек он бір айында ғана аңғарыпты.

«Бір көзіндегі ісікті алып тастады. Ол көзі көрмейді. Оның ішінде протез. Тағы бір көзіндегі ісікті тез кетуі керек. Біз Алматыға бардық. Алматыдан Астанаға жіберді. Ондай диагноз «ретинобластомамен» балалардың аман қалғанын әлі көрген жоқпын», — деді анасы Әсел Сапарғалиева.

Астана мен Алматыдағы ақ халаттылардың қарауында болған бала жуырда он шақты химиялық ем алып қайтыпты. Күрделі ем-домнан кейін әлсіреп қалған. Бүлдіршіннің бойынан енді гепатит табылды. Дәрігерлер болса Арайға тек шетелдік мамандардың көмегі тиеді дегенді жеткізген.

«Бірден сегіз ай асты. Сіздерден, адамдардан көмек сұраймын. Қанша көмектеріңіз, ақшаларыңыз болса көмектесіңіздерші. Осы қызымды аман алып қалу үшін. Бір көзін аман алып қалуға маған. Сіздерден ғана көмек қалды сұрайтын. Менің жағдайым жоқ», — дейді анасы.

Елімізде мұндай дерттің емделмейтінін айтқан ақ халаттылар ендігіде сәбиді Кореяға жеткізуге кеңес берді. Аталмыш ісікпен онда барғандардың тек емделуі үшін 1жарым млн теңге қажет. Ал операцияның құны 10 млн теңгеге жуықтайды екен.

Кішкентай Арайдың жағдайы нашарлағаннан бері олар жалғыз үйлерін сатуға мәжбүр. Өйткені, отағасының табатын алпыс мың теңгесі азық-түлік пен дәрі-дәрмектен аспайды екен.

По сообщению сайта Nur.kz