Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай Атбасарда ескерткіш қойылады

Дата: 15 января 2015 в 22:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай Атбасарда ескерткіш қойылады

Қазақстан жазушылар одағында «Ілияс Есенберлин. Суреткер ақиқаты — тарих шындығы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған ақын-жазушылар, тарихшылар, әдебиеттанушы ғалымдар қатысты.

«Биыл аса көрнекті қаламгер Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 толып отыр. Ол — қазақ әдебиетіне, қазақтың көркем сөз өнеріне жаңа ой, жаңа серпін әкелген ұлы жазушы. Ол көзі тірісінде 17 роман жазып кеткен. Мінеки, оның мерейтойы Қазақ хандығының 550 жылдығына сәйкес келіп отыр. Бұл бір керемет сәйкестік. Оны кездейсоқтық деп те айту қиын. Ілияс ағамыз коммунистік партияның қылышынан қан тамып тұрған кезде, сонау Шыңғыс хан дәуірінен бастап, Кенесарыға дейінгі кезеңді қамтып трилогия жазды. Яғни, қазақтың тарихын түгендеді», — деді өз сөзінде Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай.

Сондай-ақ, ол биыл елімізде Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 толуына орай бірқатар мәдени іс-шаралардың өтетіндігін және бүгінгі дөңгелек үстел сол шаралардың бастамасы екендігін атап өтті.

«Бүгінгі шараны Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып, осы Жазушылар одағында өткізіп отырмыз. Өйткені, Ілияс аға кезінде осы қара шаңырақта талай жыл еңбек еткен. Сонымен, енді биыл Ілияс ағаның туып-өскен жері Атбасарда оған арнап ескерткіш қойылады. Осындағы мұражайына күрделі жөндеу жүргізіледі. Одан басқа, облыстарда әр түрлі мәдени шаралар өткізіледі. Солардың ішінде ерекше атап өтетін шараларға тоқталар болсам,  биыл жыл соңына дейін Астана, Алматы және Көкшетау қалаларында үлкен ғылыми конференциялар ұйымдастырылады», — деді ақын.

Айта кетелік, биыл Ілияс Есенберлиннің шығармаларының толық жинағын жарыққа шығару ісі де қолға алынбақ.

По сообщению сайта Nur.kz