Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Назарбаев Қазақстанға 2022 жылы қысқы Олимпиада не үшін қажет екенін түсіндірді

Дата: 22 декабря 2014 в 00:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Президент еліміздің жетекші телеарналары журналистеріне берген сұхбатында Қазақстанға 2022 жылы Қысқы Олимпиада не үшін қажет екенін түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев

«Мұндай алып Олимпиаданы Қазақстан мен Алматы есімдерін асқақтату үшін өткізгіміз келетін сияқты. Бір жағынан, кей адамдар «қаншама шығын кетеді, мұның өзі қажет пе, жоқ па» деп ойлайды. Мен де бұл туралы көп ойладым, көп ақылдастым. Бірақ бұл жерде бірнеше нәрсені естен шығармау керек. Бізде, Алматыда олимпиадаға жарайтын биік тау сырғанағы дайын, әлемдік дәрежедегі трамплин де дайын, биатлон жолын Азиадаға арнап салғанбыз. 2017 жылы Қысқы Универсиада болады, қазір біз жаттығатын және негізгі ойындарға арналған 12 мың адам сыятын екі стадионның құрылысын аяқтап қалдық», — деді Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Халықаралық Олимпиада комитеті ойындарды екі қалада өткізуге болады деген шешімді қабылдап қойған.

«Яғни біз Астанадағы стадион мен жабық мұз айдынын да пайдаланамыз. Ал енді ірі ғимараттардан олимпиадалық қалашық салу қалады. Бірақ біз онсыз да Алматы студенттеріне, жастарға жатақханалар салуды жоспарлап жүрміз. Ал спортшыларға салынған баспаналар олимпиададан кейін сол жатақханалардың рөлін атқаратын болады», — деді елбасы.

Оның айтуынша, ойындар аяқталған соң да барлық нысандар жүз пайыз қолданыста болады.

«Әрине, қаланың инфрақұрылымын жақсарту қажет болады, қонақтар көп келеді, сондықтан қаланы кеңейтіп, тазарту қажет. Ең үлкен спорттық шығын — бобслейге арналған трасса болмақ. Ол Алматыда әзірге жоқ. Сондықтан шығындар болады, бірақ барлығы ойлағандай емес. ХОК-та 1 млрд доллар бөлуге уәде берп отыр», — деп атап өтті Назарбаев.

Мемлекет басшысы Алматыны халықаралық қаржылық орталық ретінде танытқымыз келсе, оның атын жан-жақты жарнамалау қажет.

«Егер де біз Алматыны халықаралық қаржы орталығы қылғымыз келсе, онда бізге қаланың атын таныта түсу керек. ЕҚЫҰ саммиті мен Азия ойындарын өткізгенде Астана аты асқақтағаны сияқты жасауымыз қажет. Бұл жолда ешқандай шығын шығармаймыз демейміз, шығын шығады. Бірақ, 50 млрд, 40 млрд, тіпті 30 млрд та емес, дегенмен қаражат кетеді. Ал сол салынған нысандардың олимпиададан кейін де біздің пайдамызға асатыны — ақиқат», — деп түйді мемлекет басшысы.

По сообщению сайта Nur.kz